Өркениет

Төреғали мен Еркенің тыңдармандары сахнаға шығып кетті (фото, видео)

  • © Aktobenews.kz.

    © Aktobenews.kz.

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің ақтөбелік фанаттары сахнаға шығып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz. Бірнеше әнді дуетпен орындап жүрген танымал жұлдыздар Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта құрылысшылар мерекесіне арнайы келген болатын.


Тегін концерттің болатыны жөнінде бірнеше күн бұрын инстаграм желісінде хабар тараған еді. Соңғы кезде хит әндер орындап жүрген қос жұлдызды көруге келгендер аз болмады.


Құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен алдымен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады. Шараның салтанатты бөлігі өткен соң, сахнаға Төреғали шықты. Халық сахнаға жақын тұру үшін қоршауларды ұшырып әкете жаздады. Ал Ерке Есмаханды хабарлаған кезде жұрт сахнаға лап қойды.





Екі жұлдыздың фанаттарын тәртіп сақшылары да тоқтата алмады. Кенет тыңдармандар сахнаны да басып алды. Ерке мен Төреғали ән айтуды тоқтатпады. Керісінше ақтөбеліктер тарапынан болған әрекетті екеуі де қошемет деп санаған тәрізді.


Сахнаға ұмтылғандардың қатарында аяғы ауыл келіншектер мен таяққа сүйенген әжейлер де болды. Бірнеше бала жоғалып кетіп, аналары көз жастарына ерік берді. Кейбір фанаттар тәртіп сақшыларымен төбелесуге дейін барды. Бір жігітті тәртіп сақшылары жабылып сабап тастады. Қысылып қалғандары артқа қарай шыға алмады. Сондықтан, күзет қызметі оларды сахна арқылы парктің басқа жағына өткізіп жіберуге мәжбүр болды.


Фанаттарды тоқтата алмай жүргендердің бірі қала басшысының орынбасары Жандос Байырханов Ерке Есмаханды соңғы әнін орындап бола бере көлікке отырғызып алып кетті.


Ерке мен Төреғали кеткен соң, концерт көруге келгендердің дені айналдырған жарты сағаттың ішінде тарап кетті. Дегенмен, сахнадан жүргізушілер жоғалып кеткен балалардың сахнаның артында екенін хабарлап жатты.





baq.kz


 




 




Көрілген: 911    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 12.08.2017, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31