Өркениет

Төреғали Төреәлі әйелі туралы бар шындықты айтты

  • Сурет әлеуметтік желіден алынған

    Сурет әлеуметтік желіден алынған

25 жасқа толуына орай бес күн қатарынан жеке кешін беріп, артынан үйлену тойын өткізуде жоспарлап отырған Төреғали Төреәлі 7-ші қазан күні БАҚ өкілдеріне арнап ақ дастархан жайып, пресс - конференция өткізді. Журналистердің сұрағына барынша ашық жауап беруге келдім деген әнші алғаш рет жұбайы мен балалары туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


«Толқын ҚазҰУ-ды бітірген, мамандығын ұмытып қалдым. Магистратурасын тәмамдағанымен, дипломын әлі алған жоқ. Күнде айтады: «Барып дипломымды алу керек еді, болмаса сіз алып беріңізші»-деп. Мен оған не істейсің оны, жата берсін деймін. Кейін бір жол түсіп жатқанда ала саласың деп. Қоғамға қыз балалардың жұмыс істегені керек шығар. Бірақ, әйел адамның өмірдегі ең басты мақсаты мен міндеті – үйде отырып нан жабу, бала табу. Оларға одан ауыр жүк жүктемеу керек»,- деді ол.


Ал келіншегіңіз болашақта жұмыс істей ме деген сұраққа әнші үзілді-кесілді "жоқ" деп жауап берді.


«Жоқ, біздің менталитетіміз де, Сырда, әулетте тәртіп осылай. Біздің әулетте әкем он ағайынды болса, солардың келіндері, жеңешелерім, аналарым біреуі де жұмыс жасаған емес. Үйінен шығып, дүкенге, көршінің үйіне барып келсе де рұқсатын алады.


Толқын алғаш келін болып түскен кезде азанда сағат алтыда тұрушы еді, қазір алтыдан отыз кеткенде тұрып жүр. Ақырындап жеті –сегізге барады ғой. Бірақ таңертең ешкім оянбаса да ол келін болған соң ұйқысынан оянуы керек. Құдайға шүкір, екі қызым бар, үлкені – Томирис, кішкентайы – Тоғжан»,- деді ол.


Төреғали үйлену тойынан кейін журналистердің өзін «бойдақсыз ба?» деп үздіксіз сұрақ астына алуы тоқтайды деген үмітте екенін жеткізді. 




Көрілген: 3495    Пікірлер: 3
Пікірлерді оқу (3) preloader

жексенбі, 08.10.2017, 18:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30