Өркениет

Төреғалидің досы әншінің жүйкесі сыр беріп жүргенін жасырмады

  • Төреғалидің досы әншінің жүйкесі сыр беріп жүргенін жасырмады

    Төреғалидің досы әншінің жүйкесі сыр беріп жүргенін жасырмады

 Жігер Ауыпбаев Төреғалидің соңғы уақытта гастролдік сапардан шаршағанын, тіпті жүйкесінің сыр беріп жүргенін жасырмайды деп хабарлайды 31 арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасы.


Соңғы айда Төреғалидің басынан дау арылмай қойды. Павлодардағы концерті кезінде егде кісімен жанжалдасып қалған әнші қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырады. Кейіннен оның продюсері болған Жан Мұқанов оған қатысты өз шындығын айтып, концертке кеткен ақшасын қайтара алмағанын жеткізген.


Жан Мұқанов Төреғали Республика сарайында дүркіретіп атап өткен «Айхай-25» деген концертін жоспарланған уақытта бастамағанын жеткізген болатын. Шоуын бақандай 40 минут кешіктірген. Бұл оқиға Республика сарайының әкімшілігіне мүлдем ұнамапты. Тек бұл ғана емес, басқа да себептер бар көрінеді.


"Гримеркадағы пианиноны сындырып кетті. Оны бізге айтпаған. Көрсетпей. Өйткені біз пианиноны ашқан жоқпыз. Содан кейін оған хабарластық. Айттық, осылай жауап бересіз бе, клавишын кім жасайды деп? Они отступали. Ешкім жауап берген жоқ", - дейді Республика сарайының концерт ұйымдастырушы маманы Мейірім Ғарифоллаева.


Дегенмен, әншінің досы Жігер Ауыпбаев Төреғалидің соңғы уақытта гастролдік сапардан шаршағанын, тіпті жүйкесінің сыр беріп жүргенін жасырмайды.


Жүйкесі сыр берген шығар. Соңғы сөйлескенде ауырып жүрмін деген болатын, - дейді Жігер.

Қандай жағдай болмасын, жұрт сүйікті әншісі Төреғалидан үнемі жағымды жаңалық күтеді.


NUR.KZ




Көрілген: 1451    Пікірлер: 0

сенбі, 13.01.2018, 21:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31