Өркениет

Төреғалидың көкелері Асхат Садырбайға қоқан-лоққы көрсеткен аудиожазба пайда болды (фото, видео)

  • © youtube.com

    © youtube.com

Төреғали мен Төреәлінің барлық былықтары шығуда. Осы жолы бұл тізгінді журналист Бибігүл Дәлетбекқызы қолына алған сыңайлы.


Журналист өзінің инстаграмдағы жеке парақшасына Асхат Садырбайға жазған хаттары мен телефон арқылы әншінің көкелері көрсеткен қоқан –лоққының аудиожазбасын жариялады.


«Төреғали Төреәліні мен ғана жазғандай тегі, барлықтарыңыз сыртымнан ғайбат пікірлеріңізді аямапсыздар. Бар жазығым сахнаны сыйламайтын кім еді ол деген сұрақ қойдым. Төрештеріңіз хейтерлерді аямай жинапты. Қарша боратып жатыр мен туралы жағымсыз пікірлер. Не дейін?



Ескерту! Аудиожазбада бейәдеп сөдер айтылған.


Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де «мен, мен» деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді? Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: «енек» дегені қай сасқаны?!»,- деп жазады ол.


Әншіні «кешірейік, бала ғой» дегендерге былай деп жауап қатты:


«Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді.



Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. «Шығарып жіберіңдер» деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса «шал, шал» деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін айтуда»,- дейді журналист.


Осылайша ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында «Төреғалиға тіл тигізбе» деп белгісіз екі ер адамның бір-бірімен сөйлескен әңгімесінің аудиожазбасын жариялады. 


365info.kz




Көрілген: 4776    Пікірлер: 1

бейсенбі, 28.12.2017, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30