Тойханасы көп қала...

Тойханасы көп қала...

Тойханалардың көптігі жөнінен Шымқалаңыз бас қаланы да, басқаларын да басып озып кеткелі қашан. Оңтүстіктің орталығындағы әр көшеде кем дегенде екі тойхана тұрыпты. Қаланың шеткі аумағындағы «Коммунизм» елді-мекенін тойханалардың орталығы деуге болар. Мұнда әр аттам сайын тойхана. Аудан орталықтарында да тойханалар көбейіп келеді. Тіпті аудан түгілі 200 ғана түтіні бар ауылдарда бірден екі-үш тойхана салып тастаған.
Тойхана, мейрамханалардың өзі жоғары, орташа, төмен дәрежелерге бөлініп үлгерді. Небір элиталық тойханаларда қалтасы қалыңдар элиталық тойлар жасап жатыр-ақ. Тіпті таңдай қақтырарлық небір тойлардың төресі осы Техаста өтіпті. Шетелдік жұлдыздарды шақыртып елді шулату да шымкенттіктердің қолынан келеді. София Ротару беріде ғой, шымкенттік тойларда күнде ән айтып жүр десе болады. Анау мұхиттың арғы шетіндегі «Модерн токинг», «Бони М» мен бізге таңсық негрлерден құралған топтарды аттай қалап алдыру да түк болмай қалды. Ал той салтанатына арналған ғимараттардың әсемдігі орта ғасырлардағы патша сарайларын жолда қалдырары сөзсіз. Алтынмен аптап, күміспен қаптағандай небір керемет «Алтын сарай», «Гауһар сарай»-ларың тізіліп тұрыпты. (Бір қуанарлығы әншейінде импорт атауларға құмар қазекем дәл осы тойхана атауларын қазақша атағанына риза боласың). Элиталық «Екі жұлдыз», «Арман», «Қазығұрт» тойханаларының сән-салтанатына тамсанбасқа амал кем. Ал Рембранд дәуіріндегі мәнермен өрнектелген «Алтын сарай» тойханасының әсемдігін тілмен жеткізу мүмкін емес. Тек көзбен көру керек. Кейбіреулерге бұл тойхананың табалдырығын аттау да арман. Шымқаладағы ғана емес, Қазақстандағы ең үлкен һәм салтанатты тойхананың төресі осы. Атына заты сай. Алтын десе алтын...Үлкен залы 1 500 адамға арналса, кіші залына 500 қонақ сияды. Зираттың қасына орналасқаны болмаса (Шымкентте мұндай да бола береді) ғажаптың ғажабы. Дастархан мәзірінің өзі тағамды талғап жейтін ағылшындар мен француздарыңның өзін таңдай қақтырып, тамсандырарлықтай. Ас мәзірі адам басына 3,5 мың теңгеден бастап 5-8 мың теңгеге дейін барады. (Бұл шымкенттіктер үшін қымбат баға. Ия, қалада ас мәзірі адам басына 800-1000 теңгелік тойханалар көп). Ұлттық тағамымыз етті астауға салып әдемілеп тартады. Астаудың бір ыдысы 15-20 мың теңге тұрады, есептей беріңіз. Мұнда келген адам тамақ жеудің орнына тойхананың төбесіне қарап тамсанып отырады. Ондағы суреттер расында адамның көзін тойдырарлықтай. Салмағы 1 тоннадан асатын хрусталь шамдардың сәулесі көзді арбайды. Ия, расында «Алтын сарайда» той жасау көп адамға арман ғана. Онымен үзеңгі қағыстырарлықтай тойханалар да баршылық. Сәні мен салтанаты келіскен тойханалардың бағасы да соған сай. Расында Шымкентте өтетін тойларға өзге өңірдегілердің аузының суы құрып тамсанатыны рас. Шыққан түбі шымкенттік, бүгінде Алматы мен Астанада тұратындардың дені осында келіп той өткізуге құмбыл. Салтанатты сарайларға, одан қалса арзан бағасына қызығушылықтан болса керек. Тойдың көрігін қыздырып жүрген асабалардың айтуынша шымкентте өткен кейбір тойлар үкіметтік концертті де басып озып кететін көрінеді. Орташа деңгейде өткен тойдың орташа бағасы 15-35 мың долларға түседі. Ал кейбіреулердің түсіне ғана кіретін сомаларға жасалып жатқан тойлар қаншама. Бұрын тойды жиын терім уақытына яғни қыркүйек айына жоспарлайтын қазекем бүгінде жыл он екі ай бойы той жасайтын болған. Қаңтардан бастап қар қалың жауған желтоқсанға дейін дүбір бір басылмайды. Егер той жасайтын жоспарыңыз болса элиталық тойханаларға екі-үш ай бұрын тапсырыс беріп қоюыңыз керек. Әйтпесе табан астында тойхана таба қою оңай шаруа емес. Алматыдан келіп осында той жасамақ болған бір танысымыз бүкіл қаланы шарлап шыққаны бар. Мына қызықты қараңыз 200-ден астам тойханасы бар қалада бір күні де бос болмай шықты. Бәрі де тапсырыс алып қойған. Тізімге тіркелгендердің қарасы таусылып бітпейді. Амал жоқ екі айға шегеріп әзер дегенде әжептеуір бір тойханаға тізімге тіркелгені бар... Тойдың да түрі көбейді. Бесік той, сүндет той сықылды үйреншікті тойлардың қатарына енді зейнетақы алу тойы сықылды заманауи тойлар да қосылып жатыр. Тойшыл қауымның “Той тойға ұлассын”, «Тапқанымыз тойға шашылсын» деген тілегі тағы бар. Егер той көбейіп отбасылық бюджетке ауырлық түсіп жатса шекеміз тырысады. Бірақ тойға барғанда әлгіндей тілек тілейтінімізді мүлде ұмытып кетеміз. Күн сайын дерлік. Той. Той. Той. Тойларың...Тіпті бір күнде екі-үш тойға шақырылып, аптаның бір күнінде үйде отырмайтын кездер болады... Тойға тартылатын тартудың жөні тіптен бөлек. Темір көліктің нешеме атасын тайпалта тойханаға кіргізіп ел-жұртқа көрсетуға ыңғайластырылған. Қос ат жеккен пәуеске сыйлайсыз ба, «Джип» сыйлайсыз ба, тіпті лимузин көліктерін де тойхананың төріне кіргізіп көрсетуге болады. Тек әзірге тікұшақ сыйлағандар болмай тұрғаны. Уақыт өте кім білген ондайлар да табылар, бәлкім. Әрине мұның бәрі де тоқшылықтың, баршылықтың арқасы. Оның аржағында бәсеке деген тағы бар. Өзінің ауылдасынан, туған туысынан еш кем емес екенін көрсеткісі келгендер шашылып төгіліп, ас та төк той өткізіп жатыр. Кім білген, бірте-бірте жалған намыс, орынсыз бәсеке деген «жаяудың аттыға ілесіп, таңын айыруы» қалатын болар. Ия, кім білген... Етік шығарып, тікұшақ жасап шығарып, өзгелермен бәсекелесе алмаса да қазекем той бәсекесінде бәсін жібермейді. Ол анық.
Ия, той тойға ұлассын...
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста