Өркениет

Тұңғышбай Жаманқұлов пара алып, сотталған Ерлан Біләлге қатысты ашық пікірін білдірді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов жуырда ғана пара алғаны үшін сотты болған Ерлан Біләл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.


Тұңғышбай мырза Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына берген сұхбатында «танымаймын, кездестірмедім» деп әзілдеп те алды .


Хабар барысында кезінде өзі де істі болған танымал актер көп нәрсенің басын ашып айтты. Атап айтқанда Ерлан Біләлге не үшін қолдау білдірмегінін жария етті.


-Ерлан менің шәкіртім. Менің басыма қара бұлт үйірілгенде қайда барарын білмей әуре сарсаңға түскен балам сияқты. Менің жағыма шығайын десе басшыларынан қорқады, басшы жағына шығайын десе мені ойлайды.Сөйтіп қиын жағдайға түскенін жақсы білемін.


Қоңырау шалып, қолдау білдірген жоқпын. Өйткені маған олай істеуге болмайды, ол жігіт телфон алмайды да. Екіншіден оған одан сайын зиян келмесін деген ұғымнан тартынғаным рас. Сол себепті үнсіз қалуым дұрыс деп ойлаймын. Өйткені менің басыма күн туғанда мені қорғап жазған қыз келіншектердің, журналистердің басына күн туды, жұмысынан айырылды, сөзге қалды дегендей мәселелер болды. Егер мен хабарласа қаласам «бұл ұстазының адамы екен ғой» деген оймен қиын бола ма деп тартындым. Өйткені халыққа сөзім өтіп тұрса да, ондай ведомствоның жандайшаптарына сөзім өтпейді, - деді актер.


 




Көрілген: 5255    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 14.02.2018, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31