ТҮРКСОЙ ТҰҒЫРНАМАСЫ

ТҮРКСОЙ ТҰҒЫРНАМАСЫ

21 қараша күні «Қазан – түрік әлемінің мәдени астанасы 2014» Жылының жабылуына арналған салтанатты шаралар аясында Татарстан Республикасының Қазан Ратушасында Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Тұрақты кеңесінің 32-ші отырысы өтті. Қазақстан атынан кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
Отырыс алдында түкітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездескен болатын. Президент мырза кездесуге келген қатысушыларды ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 32-шы Отырысының ашылуымен құттықтап, әңгімелесулер барысында жемісті нәтижелерге қол жеткізуді тіледі. “Өзара ықпалдастықтың арқасында біздер түркі әлемінің бай мұрасын сақтауға және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қызмет етіп отырмыз. Қазан қаласы Астана мен Ескишеһир қалаларынан кейін түркі әлемінің мәдени бас қаласы атанды. Бұл көпұлтты Татарстан Республикасы үшін үлкен абырой. Татарстан халқы ғасырлар бойы бір қатар бейбіт өмір сүріп келеді. Казан Кремлі мен көне Булгар шаһары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Сондықтан “Қазан – Түркі Әлемінің Мәдени Астанасы 2014” Жылының жабылу рәсіміне жоғары деңгейде дайындық жасадық,” – деп сөз бастаған Татарстан Республикасының Президенті мемлекеттер арасындағы мәдени және гуманитарлық қарым-қатынастардың ұзақ мерзімді өзара ықпалдастықтың және күшейіп отырған экономикалық ынтымақтастықтың нәтижесі екендігін жеткізді.
Одан кейін сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановты “Түркі әлемінің мәдениетіне, өнеріне және ғылымына сүбелі үлес қосқаны үшін” ТҮРКСОЙ медалімен және “Қазан – түркі әлемінің мәдени астанасы 2014” арнайы дипломымен марапаттады.
Тұрақты Кеңес барысында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымға мүше-елдердің мәдениет министрлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері түркі әлемінің мәдениет және өнер саласына қатысты маңызды шешімдер қабылдап бірқатар келісімдерге қол қойды.
Ресей Федерациясы-Татарстанның Мәдениет министрі Айрат Сибагатуллиннің төрағалығымен өткен Тұрақты Кеңеске Әзірбайжанның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Вагиф Алиев, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қырғызстанның Мәдениет және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов, Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Абдурахман Арыжы, Түркіменстанның Мәдениет министрі Аннагелді Гаражаев, Ресей Федерациясы-Башкортстанның Мәдениет министрі Әмина Шафикова, Ресей Федерациясы-Хакасияның Мәдениет министрі Светлана Окольникова және Молдова-Гагаузияның Мәдениет және туризм Басқармасының төрағасы Василий Иванчук қатысты. Аталмыш жиынды алғашқы сөзбен Татарстанның Премьер-министрі Илдар Халиков ашты. Түркі әлемінің мәдениет және өнер саласының дамуына сүбелі үлес қосып отырған мәдениет саласының басшыларына толағай табыс тілеп, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының атқарып отырған өнімді жұмыстарын атап өтіп алғыс айтты. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің құттықтау сөзін жеткізді.
Халықаралық ұйым министрлерінің Отырысын ТҮРКСОЙ-дың уақытша координаторы Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының мәдениет министрі Айрат Сигабитуллин «Қазан – түрік әлемінің мәдени астанасы-2014» Бағдарламасының қорытындылары мен өтіп жатқан жылда өткізілген ең жарқын және маңызды шаралар туралы баяндама жасады.
Тұрақты кеңес кезекті отырысының күн тәртібіне есептік мерзімнің нәтижелерін қорытындылау, ұйым жұмысының алдағы кезеңіне арналған мақсаттарын айқындау мен бағдарламасын бекіту, сонымен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы мен уақытша бас үйлестірушісін сайлау мәселелері кірді.
Ұйымның болашақтағы жоспарларын талқылау кезінде Қазақстан ТҮРКСОЙ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізген болатын. Нақтылай келе, қазақстандық ведомстваның басшысы алдағы 2015 және 2020 жылдар аралығындағы ТҮРКСОЙ жұмысының Стратегиясын бекітуді ұсынды. «Тиімді жұмысын жалғастыру үшін ТҮРКСОЙ ішкі тәртіптерін жүйелендіріп, бұл саладағы кемшіліктерін жоюы қажет. Ал Кеңес болса, басқарушы орган ретінде бұл жұмысты бақылап және бағыттап отыратын болады», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Тұрақты кеңес мүшелері ТҮРКСОЙ Бас хатшысы ретінде әзірбайжандық әріптестері тарапынан ұсынылған Қазақстанның өкілі Дүйсен Қасейіновты сайлады. Д.Қасейіновтың бұл лауазымға үшінші рет қайта сайлануы Қазақстанның түрік әлемі мәдени кеңістігіндегі жоғары абыройлылығының белгісі деп тануға болады.
Министрлердің құттықтау сөздерінен кейін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов соңғы үш жылдың ішінде атқарылған жұмыстармен таныстырып баяндады. «Есепті кезең Халықаралық ұйымның жиырма жылдық мерейтойынан кейінгі жылға сәйкес келіп, ТҮРКСОЙ-дың құрылған кезеңінен бастап іске асырылған жетістіктерін тереңірек түсініп, алдағы мақсат-міндеттерімізді анығырақ қоюға мүмкіндік берді» - деп атап өтті ТҮРКСОЙ басшысы.
ТҮРКСОЙ ұйымы мәдени қарым-қатынастың сәтті құралына айналды. Ұйымға мүше елдер ғана емес, басқа да елдер мен мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығына ұйытқы болды.
ТҮРКСОЙ үшін маңызды шараға айналған фестивальдар, мерекелік бағдарламалар мен форумдар жылдан-жылға көптеген шығармашылық ұжымдар мен мәдениет қайраткерлерінің қызығушылығын тудыра білген үлкен мәдени жобаға айналды.
ТҮРКСОЙ жүзеге асырған бағдарламалар халықаралық ұйым көтерген бастамалардың көкейкестілігі мен мәнділігін тағы бір дәлелдей түседі. Мысалы, «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы түркі халықтарының мәдениеті жөнінде күллі әлемге паш етуге мүмкіндік берген игілікті іске айналды.
Сондай-ақ, әр жылды түркі мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғаларға арнау дәстүрге айналды. 2014 жыл түрікмен ақыны-гуманист Мақтымқұлы Пырағы мен қырғыз ақыны Тоқтағұл Сатылғановқа арналды. ТҮРКСОЙ-дың дәстүрлі іс-шараларының қатарына суретшілер, фото шеберлер, музыканттар мен әдебиетшілердің жыл сайынғы кездесулері кіреді. 
Соңғы кезде Түркияда гастрольмен өткен “Біржан-Сара” операсы, Жамбыл облысы әкімдігімен бірге өкізген “Қаратау Сарыны” музыкалық фестивалі, Қызылорда облысы әкімдігімен бірге өткізген “Қорқыт және Ұлы Дала Сазы” фольклорлық музыка фестивалі сынды шаралар қазақ өнері мен мәдениетін ғана емес түгел түркінің абыройын арта түсірді.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі отырыс қатысушыларына арнаған сөзінде Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы түркі елдері мемлекеттерінің сыртқы саясатын айқындайтын басым бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. «Бүгін, ТҮРКСОЙ құрылғанына 20 жыл өткеннен кейін біз түркітілдес мемлекеттердің бірігу идеясы жүзеге асты деп мақтанышпен айта аламыз. ТҮРКСОЙ еліміздің сыртқы саясатының жеке бағытына бастау болып, саяси және эклономикалық бірігуінің факторына айналды» - деп атап өтті министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы тарапынан жыл сайын түркі әлемінің белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері паш етілетіні мәлім. Биылғы 2014 жыл Мақтымқұлы Пырағы және Тоқтағұл Сатылғанов жылы болып жарияланса, келесі 2015 жыл – Тұрақты Кеңестің шешімімен түрік жазушы-драматургы Халдун Танер мен хакас жыршысы Семен Кадышев жылы болып аталады.
Сонымен қатар, Түркіменстан Республикасының Мәдениет министрі Аннагелді Гаражаевтың ұсынысы бойынша 2015 жылы Түркі Әлемінің Мәдени Астанасы Түркіменстанның Мары қаласы болып бекітілді. Мәлім болғандай, 2012 жылы Түркі әлемінің мәдени бас қаласы болып Астана қаласы бекітілген болатын, одан кейін Түркияның Ескишеһир қаласы және биылға Қазан қаласы бекітілді.
Мары қаласы Түркіменстанның оңтүстігінде орналасып, көне қала Мерв құрметіне аталған болатын. Көлемі бойынша мемлекеттің төртінші қаласы Марый велаятының орталығы болып табылады.
Мары ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне кіретіндігін ескертіп кеткен жөн. Қаладан шығысқа қарай 30 шақырым жерде, Байрам-Али қаласының солтүстік шекарасына таман көне Мерв қаласының археологиялық және  архитектуралық ескерткіштері, соның ішінде Гяур-Қала (III ғ.), Үлкен және Кіші Қыз-Қала, Сұлтан-Қала, Эсхаб ағайындыларының зираттары (XV ғ.), Эрк-Қала қорғаны, Мұхаммед-ибн-Зейд кесенесі, сондай-ақ бұл жердің ең әйгілі ескерткіші - Санджар селжұқ Сұлтанының кесенесі (XI ғ.) орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдары бұл жердегі археологиялық ізденіс жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.
Отырыс қорытындысы бойынша ТҮРКСОЙ мәдениет ведомстваларының басшылары мен бақылаушы-елдері жұмыс протоколын бекітіп, Тұрақты кеңес 32-ші Отырысының қорытынды декларациясын қабылдады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста