Өркениет

Түсіпбаева "Баян Сұлуды" сынаймын деп басы бәлеге қалғанын айтты

  • Фото:SN.kz

    Фото:SN.kz

Меруерт Түсіпбаева "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалындағы кемшіліктерді айтамын деп басы дауға қалғанын мәлімдеді. Тіпті әншінің Ұлттық арнадан берілетін әні де эфирден алынып тасталған деп хабарлайды "Сөккен әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Әншіні "Бұл тақырыпты жап" деп қорқытқандар да болыпты.


"Бес-алты ай бұрын "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" сериалының төңірегінде үлкен шу болды. Философтар, филологтар, тарихшылар, этнографтар маған хабарласып, Ерлан Қаринге хат жазғандарын айтты. Олар сериалдың әрбір секундын жазып, анализ жасаған. Бірақ, Ерлан Қариннен жауап болмаған. Мен ерінбей-жалықпай сериалдың бірінші және соңғы серияларын көрдім. Ана қыздың тілінің мүкістігін айтқым келмейді. Қатты шу болып кеткендіктен, Ерлан Қарин сериал қайта көрсетілмейді деп Facebook парақшасына жазды. Мен соны скриншоттап алдым да, "Онда қаржы қайтарылсын" деп жаздым", - дейді әнші.


"Әділдік үшін күрестім. Маған Бағым Мұхитдинова хабарласып, "Бұл сериалды тым жақсы деп Ұлттық арна қабылдаған. Сен жазғаннан кейін алып тастады" деді.


Бұл - ұлттық мүдде. Тіпті орысша жазып, қорқытқан адамдар да болды. "Жылайсың", "Опық жейсің", "Елдің ақшасын кім жемей жатыр" деді. Бір күні маған Бағым хабарласты. Содан кейін ештеңе жазбайтын болып келістік.


Қыста болған дау, екі әйелдің ортасындағы дау емес. Ол кісілердің жеке басында менің мүлде шаруам жоқ. Аман болсын. Менің жазбамнан кейін, неше түрлі әңгіме шықты. Әкімшіліктің атынан зорлап жасаған қылықтар болған. 54 миллион жеткілікті қаржы деп ойлаймын", - деді әнші. 




Көрілген: 2653    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31