Өркениет

Үкімет бұдан былай “Қазақфильмді” қаржыландырмайтын болды

  • Үкімет бұдан былай “Қазақфильмді” қаржыландырмайтын болды

    Үкімет бұдан былай “Қазақфильмді” қаржыландырмайтын болды

Үкімет «Қазақфильмді» қазынадан қаржыландыруды мүлдем тоқтатпақ. Өйткені киностудияның табысынан шығыны көп. Оның орнына Мәдениет министрлігі мемлекеттік «Кино қорын» құрғалы жатыр, – деп хабарлады КТК арнасы.

Отандық фильмдерге бөлінетін бар ақша сол қорға аударылады. Бастапқы бюджеті 4 жарым миллиард теңге. Қаржының қалай жұмсалғаны және оның қайтарымы жіті бақылауға алынбақ. Сондай-ақ, билеттен түскен табысты да қадағалайтын біріңғай жүйе құрылады. Режиссерлер болса, тапсырыс алған соң шығармашылық сәтсіздіктерге байланысты туынды ойдағыдай түсірілмеді деп ақтала алмайды. Алған ақшаға қалай да есеп беруі тиіс. Мәдениет министрлігі әзірлеген киноөндірісі туралы жаңа заң жобасының талабы осындай. Ал, «Қазақфильм» өз күнін өзі көруі тиіс. Министрлік жаңа заң қабылданса, Қазақстанды голливудтық фильмдер түсіретін аймаққа айналдырамыз деп те мақтанып еді. Алайда, депутаттар шенеуніктерге алдымен қазақ тіліндегі киноларды жарылқауға кеңес берді.


“Басқа шетелдік кинолары келіп жатады. Сол киноларды біз осы қай уақытта қазақ тіліне аударып, пракатка шығарамыз? Сосын тағы бір мәселе бар. Бізде кейбір кинотуындылар қазақ тіліне аударылады. Бірақ ешқашан прайм тайм уақытқа қоймайды. Қоятыны тал түсте: 12, 2-де. Оған кім барады? Барлық баратын аудитория кешкісін барады. Бұны қалай шеше аласыздар?” – дейді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских. 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 01:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31