Ұлт діңгегі ұлттық киімде

Ұлт діңгегі ұлттық киімде

Ата дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған Маңғыстау өңірінде ұлттық киімдерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Өңір тұрғындары зер салып, өрнектелген ұлттық киімдерді тек Наурызда ғана емес, күнделікті өмірде қуанышты жиындар мен тойларда киіп жүр. Сәйкесінше ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерімізді қайта жаңғыртып, жаңаша үлгіде тігетін тігіншілер қатары да көбейіп келеді. Қазір аймақтағы әрбір ауылда кемінде 1-2 тігін шеберханасы жұмыс істеп тұр.

Атырау облысындағы Жарсуат ауылының тұрғыны Ұлжан Қайыржан жақында құдаша болып тойға барады. Әпкесі ұзатылғалы жатыр. Ерекше киінуді ойлаған бойжеткен бір ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген сәнді көйлекке тапсырыс берді.

Маңғыстауда ұлттық киімге деген сұраныс жоғары. Қыз-келіншектерден бастап әжелерге дейін кестеленген, оюланған қамзол, бешпеттерді тек Наурызда ғана емес, қонаққа, той-жиындар мен мерекелік кештерге, тіпті күнделікті жұмысқа да киіп жүр. Жастар жағы қызыл түсті, ал қарт аналарымыз көк, жасыл түсті киімдерге басымдық береді.

Маңғыстауда отауға жаңа түскен келінге міндетті түрде мынадай ақ көйлек пен қазақы оюмен зерделенген жеңсіз қамзол дайындап қояды. Мұны үстіне киіп алған жас келін үйге келген қонақтарға шәй құйып береді. Бұл салт бойынша «Шай көйлек» деп аталады. Етек-жеңі келісе бермейтін халаттан гөрі осы бір көйлек он есе әдемі әрі жарасымды. Астарында халқымызға тән үлкен тәрбие жатыр.

Бармағынан бал тамған шебер Тәрбия Айдынбаева 15 жылдан бері ұлттық киім тігеді. Кәсіби сәнгер осы уақыттың ішінде жүздеген киім үлгілерін өмірге әкеліпті. Тәрбия заман талабына сай ұлттық нақыштағы көйлектермен қатар, дәстүрлі киімдерге де сұраныстың арта түскенін айтады.

Тәрбия Айдынбаева, сәнгер, шебер:

- Бұл киім «Адай қыз» деп аталады. Ол тарихи киімдердің қатарына жатады. Тарихи болғанымен қазіргі күнде де сұранысқа ие. Себебі бұл киім арқылы біз қыздарымыздың сәукелесін, байлығымызды, қыздардың әсемдігін, қолөнерімізді көрсетеміз. Ою-өрнектер қолмен тігілген, терінің өзі көмкерілген, барлығы тарихи үлгілерді ескере отырып тігілген.

Тәрбияға бұл өнер ана сүтімен дарыса керек. Анасы Тұрша апай 7 жасынан кесте тігудің бар құпиясын меңгерген хас шебер. Алпыстан асса да ине мен жібі қолынан түскен емес. Қарапайым қошқар мүйіз оюдан бастап, аспан мен жердің арасындағы тыныс алған тіршілік иелерінің бәрін кестеге салады. «Анамнан қалған асыл мұраны енді қызым жалғастырып жатыр», - дейді қарт шебер.

Тәрбияның қолынан шыққан дүниелер былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған ұлттық киімдер байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын. Сәнгер алдағы уақытта еліміздің бірнеше өңірінен ұлттық киім тігетін сән үйін ашуды жоспарлап отыр. Расында да, азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып-ақ кетер еді. 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста