Ұлттық кино ұлттық камзолмен бағалана ма?

Ұлттық кино ұлттық камзолмен бағалана ма?

Соңғы кезде киноға қатысы бар мамандар «қазақта ұлттық кино бар ма» деген сұрақ төңірегінде жиі пікір таластастырып, даурығып жататытына куә болып жүрміз. Бірақ біз осы күнге дейін «ұлттық кино» ұғымының не екенін анықтап алған жоқпыз. Таяуда ҚР Білім және білім министрлігі Ғылым комитеті М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Театр және кино» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кино: Жаңашылдығы мен даму бағыты» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Осы жиынға қатысқан «Алаш айнасының» тілшісі аталған басқосудан өзінің ұлттық кино туралы түйгенін оқырманмен бөлісуді жөн көрді.
Ұлттық кино төңірегіндегі тақырып талқыланған жиынға белгілі режиссерлер, аниматорлар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты. Солардың ішінде жалпы ұлттық киноға қатысты ғылыми анықтама берген тұшымды ой айтқан ғалым Молдияр Ергебеков. Сүлейман Демирель атындағы университетінің ассистент профессоры, PhD докторы Молдияр Ергебековтің баяндамасы негізінде оқырманға «ұлттық кино» ұғымына анықтама беруге тырысып көрейік.
Ұлттық кино деген не?
–Киноның тарихын азды-көпті білетіндерге жақсы мәлім, кино алғаш ұлттық емес халықаралық, жаһандық аренада туылды. Киноның негізін қалаушы ағайынды Люмьерлер – француз, Складановксий – неміс, Эдисон – америкалық болатын. Ұлттық кино дәстүрі – 1920 жылы Еуропада пайда болған феномен. Әсіресе италиян киносы арқылы ұлттық кино феномені пайда болды. Осы уақыттан бастап кинемотография – ұлттық мәдениеттің бір түріне айналды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар еуропалық елдердің отары болған Шығыс және Африка елдері тәуелсіздік алуының нәтижесінде ұлттық кинолардың саны артты. Сондай-ақ Одақтас республикалардың «өздеріне тән» ұлттық кинолары пайда болды.
Ұлттық кино туралы біздің қиялымызда қандай да бір түсінік бар, бірақ ұлттық киноға қатысты нақты ғылыми тұжырымдама жоқ. Өйткені бізде ұлттық кино туралы арнайы зерттеулер жүргізілмеген.
Ұлттық киноға Латын америкалықтар мен КСРО өзінше анықтама беруге тырысқан. Айталық, латын америкалықтар үшін ұлттық кино – капитализм мен имперализмге қарсы күрестің қаруы. Өйткені баршамызға аян латын америкалықтар ұзақ жылдар Американың идеологиясына қарсылық білдіріп келді. Ал КСРО үшін ұлттық кино – әрбір одақтас республиканың негізгі этникасы бар екенін білдіретін, этнографиялық фольклорлық элементтермен әрленген саяси, мәдени мағынасы бар институциясы. Кезінде Ресейдің автономиясы болған башқұрт, татар секілді ұлттардың жеке киностудиялар болған жоқ. Ал этнос ретінде мойындалған ұлттардың мемлекет немесе өз астаналарының атауымен аталған киностудиялары болды. Мысалы, «Қазақфильм», «Таллинфильм», т.б. Яғни КСРО-да ұлттық фильм рухани мәдениеттің бір көрінісі және саяси идеогияның құралы болды. Біз ұлттық фильмге әлі КСРО кезіндегі көзқараспен қараймыз. Біздің санамызда ұлттық фильм дегенде батырлар мен қаһармандар, эпикалық кейіпкерлер, ұлтық киімдеріміз бен әшейлеріміз, киіз үй елестейді. Яғни, біздің ұлттық кино дегенде біздің көз алдымызға ұлттық киім келеді.
Батыс теоретиктерінің көзімен ұлттық кино....
Батыста ұлттық кино деген ұғымға өте кеш көңіл бөліне бастады. Тек 1980 жылдардан бастап ұлттық кино ұғымына ғылыми тұжырымдамалар жасалды. Батыстағы ұлтқа, ұлтшылдыққа байланысты ғылыми теорияларды негізге ала отырып ғалымдар ұлттық киноға кеңінен анықтама берді.
Ағылшын ғалымы Эндрю Хиксон 1989 ұлттық кино ұғымына төмендегідей анықтама береді.
«Ұлттық кино – белгілі бір мемлекеттің ішкі және сыртқы құрылымы арасындағы кернеуден туған өнім» деп қарайды ол. Яғни оның ойынша белгілі бір мемлекеттің ұлттық киносы өз еліне не береді, оны сыртқы елдер қалай қабылдайды. Осы екеуінің арасындағы шиеленіс. Ұлттық кино өз ұлтының үздіксіз тарихын, мәдениетін, тұрмысын сурттеуі мүмкін, ал шетелдіктер оны өзгелермен салыстыра отырып қарайды. Осы тұста қазақтың киносын мысалға алсақ, біз өзіміздің ұлттық киномызды дәстүрімізді, тарихымызды, мәдениетімізді танытатын фильмдеріміз деп түсінуіміз мүмкін, ал шетелдіктер біздің киноны Апрымовтың киносы арқылы танып, біздің режиссерлерімізді жапон режиссерлерімен салыстырып, өздері үшін айырмашылығын анықтап, өздерінше ой түйеді.
1999 жылы Хиксон өзінің он жыл бұрын айтқан пікіріне сынмен қарап, ұлттық кино туралы пікірін аздап өзгерткен екен.
«Соңғы жылдарды ағылшын киносында мультикультурализм, транснационализм секілді бағыттар көбейді. Бұларды ұлттық кино емес постнационалдық фильмдер деп атаған жөн. Ұлттық киноға тек мәдени тұрғыдан ғана емес, ұлттық киноның негізгі критерийі ретінде мемлекеттің экономикалық, индустриялық жағдайын да ескеру қажет екен. Айталық қай елде қандай киноны кім түсіреді, оны кім қаржыландырады, прокат, жарнама жұмыстарымен кім айналысады. Яғни ғалымның тұжырымдамасы бойынша, мысалы, қазақтың ұлттық киносын өндірушілер, жаранамалаушылар, прокаттаушылар, барлығы Қазақстан азаматы болса ғана, ол ұлттық кино болмақ.
Сондай-ақ ғалым ұлттық киноның жоғарыда аталғаннан басқа да бірнеше критерийлерін атап көрсетеді. Біз ғалымның осы критерийлерін қазақ киноларын мысалға ала отырып жіктеп көрейік.
• Ұлттық кино деп танылу үшін әр қазақ өз еліміздің киносынан өзін көре алатындай болуы керек. Яғни киноның мазмұны қазақ азаматының өмірінен алынуы тиіс.
• Тұтыну критерийі: Қазақстандық көрермендер қай елдің фильмдерін жиі көреді. Өз елінің киносын ба, әлде шетелдік фильмдерді ме? Егер шетелдік фильмдерді көретіндер басым болса, бұл елде ұлттық фильм ұғымы қалыптаспаған...
• Сын критерийі: Ұлттық киноның сыншылар тарапынан бағалануы. Яғни, сыншылардың жалпы көпшілік ынтықтықпен көретін фильмдерді емес, жоғары мәдени-эстетикалық талғамға сай фильмдерді насихаттауы – ұлттық киноның бар екенінің дәлелі.
Тағы бір еуропалық ғалым Сюзан Хейбард үшін ұлттық кино – халықаралық аренада өз елін шетелдіктерге таныстыратын фильмдер. Алайда мұны дұрыс көзқарас деуге келмейді. Өйткені мұндай жағдайда ұлттық киноға шетелдіктердің көзқарасы маңызды болады деген сөз. Айталық жылына 70-80 фильм түсіретін Иранның 3 фильмі халықаралық жүлдеге ие болса, тек соларды ғана ұлттық кино деп қарау қателік болар еді.
Ғалымдардың бір парасы елде ұлттық киноның бар, жоқ екенін білу үшін сол елдегі Голливудтың алар орнын анықтап-ақ білуге болады дейді.
Жоғарыдағы ғалымдардың ғылыми ой-пікірлеріне қарап отырып, біздің ұлттық киномыздың әлі де қалыптасып болмағанын аңғаруға болады. Өйткені біз ұлттық киноға қойылатын талаптардан шығатын бір де бір фильмімізді атай алмаймыз. Сондай-ақ Голливуд былай тұрсын, көршілес елдермен салыстырғанда кино түсіру жағынан ұяты болып отырмыз.

Ұлттық кино қалыптастыра аламыз ба?
Қазіргі таңда қазақтың ұлттық киносын қалыптастыру өте күрделі мәселе. Өйткені сонау 2000 жылдардан бастап жаһандану біздің ұлттық мәдениетке қысым көрсетіп келе жатқаны белгілі. Қазақстан сынды көпмәдениетті елге Голливудтың, қала берді Ресей киносымен күресуге тура келеді. Сондықтан біздің ғалымдарымыздың пікірінше, ең алдымен біз жаһандануға тек дұшпанымыз деп қана емес, досымыздай қарағанымыз жөн. Ал ұлттық киноны қалыптастыру үшін ең алдымен мемлекеттің мәдени саясаты, және экономикалық қолдауы керек. Біз киноға тек этнографиялық, фольклорлық көзқараспен емес, жаңашылдықпен қарағанда ғана жетістікке жетпекпіз. Белгілі батыс кинотанушысы Сюзан Зонтаг «Кинофилия өлген жерде кино да өледі» дейді. Ал киноға деген махаббатты бала кезде қалыптастыру керек. Бүгінде кинемотографиясы қарқынды дамып келе жатқан Түркия мемлекетінде мектеп жасындағы балаларға әлем әдебиетінің 100 туындысы оқытылады екен. Осы шығармаларды баспалардан шығарып, арзандатылған бағамен сататын көрінеді. Сонда мектепті бітірген әр бала ең болмаса осы шығармалардың елу пайызын оқыса да олардың өрісі кеңейеді. Ал бізде өкінішке орай, жас мамандарға тек киноның техникасын үйретумен шектеледі. Ал техника – қырқу мен жапсыру ғана. Адамның қиялын, ой-өрісін кеңейтуге тек әдебиеттің ғана ықпалы зор.
Кино тек кино мамандары ғана қызығушылық танытатын сала емес. Біздің саясаттанушыларға, әдебиетшілерге, тарихшыларға басқа болашақ мамандарға жоғары оқу орнында кино туралы дәріс оқылса да артық болмас еді.

Түйін
Әрине, ұлттық кино – бір күнде түсіріле салатын фильм емес. Қазіргі таңда біздің көрерменіміздің киноға деген махаббатын ояту үшін ең алдымен коммерциялық, тек пайда табуға арналған фильмдерді түсіруден гөрі қарапайым драмалық, комедиялық жеңіл фильмдер түсіргеніміз абзал секілді. Көбіміз мұрнымызды шүйіріп, менсінбей қарайтын, 3-4 айда мемлекетті төңкеріп тастайтындар деп қабылдайтын қырғыз бауырларымызда 4 кинотеатр тек қырғыз фильмдерін көрсетеді екен. Ал біз тек қазақ фильмдерін көрсететін қай кинотеатрымызбен мақтана аламыз. Режиссерлеріміз арт-хаус жанырнда фильм түсіріп жүрміз деп кеуделерін кереді. Сол арт-хаустың не екенін білеміз бе?...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста