Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 24.03.2017



Өркениет

Үздіктер Польшаға жолдама алды

«Сорос-Қазақстан» қоры журналистер арасындағы «Денсаулық сақтау ісіндегі адам құқықтары» байқауы жеңімпаздарының есімдерін жариялады.



Төрт аталым бойынша сарапталған бай­­қауда «Ең үздік бейнерепортаж» жүлдесі «Ас­тана» телеарнасы ақпараттық қызметі­нің тілшісі Анна Журба мен «Же­тінші арна» тілшісі Алек­сандр Журавлевқа бұйырды.

«Ең үздік мақала» аталымы бойынша – «Литер» газетінің қызметкері Оксана Лы­сен­ко мен «Мой город» газетінің тілшісі Ок­сана Шаповалова, «Ең үздік радиохабар» жүлдесі «Азат Европа » радиосының тілшісі Мақ­пал Қожақанова мен Қазақ радио­сы­ның редакторы Әмір Өмірбековке табыс­талды.

Байқаудың бас жүлдесі – Лодзь қала­сына (Польша) жолсапарды Қазақ радиосы «Денсаулық» бағдарламасының жүргізуші-редакторы Гүлбану Мұхтарқұлова мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі Арман Тілеукенов жеңіп алды.

Гүлбану МҰХТАРҚҰЛОВА, Қазақ радиосы «Денсаулық» бағдарламасының редактор-жүргізушісі:

– «Денсаулық» хабары арқылы білікті мамандардың пайдалы кеңес­терін сан мыңдаған тыңдаушыға жет­кізуге себепкер болғаным – мен үшін үл­кен мәртебе деп білемін. Бұдан бөлек, ауыл-елдегі ағайын­ның денсау­лығы мен халықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жағдайы – үнемі на­зары­мызда. Сондай-ақ олар­дың ме­дициналық қажеттіліктерін білу мақ­сатында микрофо­нымды ауыл тұр­ғын­дарының өз ортасына ұсын­дым. Аз­ды-көпті еңбегімнің осындай дең­гей-дә­режеде еленіп жатқанына қуа­ныш­тымын.


Аида АЙДАРҚҰЛОВА , «Сорос – Қазақстан» қоры құқықтық реформа бағдарламасының директоры:

– Бұл байқауды ұйымдастырудағы не­гізгі мақсат – денсаулық сақтау жү­йе­сіндегі адам құқықтарын қорғау мәсе­лесіне жұрт­шылықтың назарын ауда­рып, келең­сіз­діктер мен пробле­ма­ларды ашып көрсету арқы­лы оны ше­шу­ге қоғамдық белсен­ді­лікті жұмыл­ды­ру болып табылады. Биыл тұң­ғыш рет ұйымдастырылып отырған бай­қау­ды болашақта дәстүрге айнал­­дыра­мыз.




Көрілген: 1280    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 23.10.2010, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31