Өркениет

Виктор Цойдың төлқұжаты 49,5 млн теңгеге сатылды

  • Виктор Цойдың төлқұжаты 49,5 млн теңгеге сатылды

    Виктор Цойдың төлқұжаты 49,5 млн теңгеге сатылды

 Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 49,5 млн теңгеге сатылды Мәскеуде Виктор Цойдың төлқұжаты аукционанда 9 млн рубльге немесе қазақстандық валютамен есептегенде 49,5 млн теңгеге сатылды, дейді baq.kz.Мәскеуде Виктор Цойдың төлқұжаты аукционанда 9 млн рубльге немесе қазақстандық валютамен есептегенде 49,5 млн теңгеге сатылды.


Лоттың бастапқы құны 2,5 млн рубльден (13,75 млн теңге) кем дегенде үш есе өсті.


Советтік музыканттың қойын дәптері 3 млн рубльге (16,5 млн теңге), «Хочу перемен!» әнінің қолжазбасы 3,6 млн рубльге (19,8 млн теңге) сатылды.


«Литфонд» аукцион үйінің өкілі хабарлағандай, әншінің төлқұжаты 9 млн рубльге сатылды. Цойға құжат 8 айға кешіктіріліп 16 жасында берілген, онда оның Марианна Родованскаямен шаңырақ көтергені туралы Ленинград қаласының Мәскеу аудандық АХАЖ бөлімінің ақпараты тіркелген.


«Литфондтың» бас директоры Сергей Бурмистровтың айтуынша, аукцион өкілінің мамандары ІІМ-ге сұрау жолдатып, төлқұжаттың жалған емес екенін анықтайтын сараптамадан өткізіп, дәлелдеген.


Ал, Цойдың төлқұжатында ленинградтық, мәскеулік рок-музыкантардың, оның ішінде Борис Гребенщиковтың, Майк Науменконың, Артемий Троицкийдің және өзгелердің телефондары жазылған. Виктор Цой – советтік орындаушы, «Кино» тобының (1982-1990) негізін қалаушы. «Звезда по имени Солнце», «Хочу перемен!», «Группа крови», «Дальше действовать будем мы» әндерінің және т.б. авторы.


1962 жылы Ленинградта туылған, ал 1990 жылы жол апатынан қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Богословск зиратында жерленген.


kaz.365info.kz


 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жұма, 28.09.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31