Өркениет

Зарина есімді бойжеткен Ернар Айдарға тоқал болғысы келеді

  • Зарина есімді бойжеткен Ернар Айдарға тоқал болғысы келеді

    Зарина есімді бойжеткен Ернар Айдарға тоқал болғысы келеді

 Ернар Айдардың Зарина есімді фанаты әншіге тоқал болу туралы ұсыныс жасады. Ол Ернардың отбасылы екенін білсе де, оған екінші әйел болғысы келетінін ашық айтты. Бұл туралы 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.


Бағдарлама барысында «Фанатизм дерт пе?» тақырыбы қозғалды. Онда қонақ ретінде қазақ жұлдыздарының фанаттары келді.


Соның ішінде 26 жастағы Зарина есімді қыз Ернар Айдардың шынайы фанаты екенін айтып, ағынан жарылды. Ол тікелей эфир барысында Скайп арқылы Ернармен байланысқа шығып, оған деген сезімін білдірді.


«Екінші әйел алуға қалай қарайсыз?» деп сұраған Заринаға Ернар:


«Құдай сақтасын, екінші әйел ешқашан алмаймын. Өзімнің әйелім бар, көңілімнен шығады. Өзімнің сүйген жарым. Сізге бақыт тілеймін», – деп жауап қайтарды. Алайда фанатын ренжітіп алудан қорыққан әнші оған алғыс білдіріп, алда өтетін концертіне тегін билет сыйлайтынын айтты.


Сөз соңында фанаты Зарина Ернар Айдарға арнап шығарған өлеңін оқып берді.




Көрілген: 2911    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.05.2018, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31