Өркениет

Зарина Омарова неден ұялатынын айтты?

  • © Gakku.kz

    © Gakku.kz

Зарина Омарова 10 жыл бойы өнерден жырақта болып, бар уақытын отбасына арнаған. Осы уақыт аралығында бір ұл, бір қызды дүниеге әкелген әнші сахнадан бас тартты.


Тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн балаларының жанынан табылды. Десе де, олардың тәрбиесіне келгенде бойында өкініші де жоқ емес.


Бұл туралы Stan.kz “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


“Үлкен ұлым Әлижан, 5-сыныпта оқиды, қызым биыл 1-сыныпқа барды. Ұлым математикаға жақын, біздің әкеміз физматты бітірген. Болашақта жақсы бір маман болып шығады деп сенемін. Ал қызым мен жаққа бұрылып кеткен”, – дейді Омарова.


Қызы өнерге жақын болғанымен, Омарова оның әнші болғанын аса қаламайды. Себебі:


“14-15 жасымнан бастап үлкен Роза Рымбаева апаларымызбен, Ақжол Мейірбеков ағаларымызбен гастрөлдетіп жүретінмін. Қыз балаға екі есе ауыр, өйткені ол отбасын құрып, ана болуы керек”, – дейді ол.


Ал Заринаның ең үлкен өкініші – балаларының орыстілді болуы. Әншінің айтуынша, үйдегі отағасы орысшаға жақын адам. Ал бүгінде үйде ана тілінде сөйлейтін Заринаның өзі ғана екен. Сұхбат кезінде аналарының жанында болған бүлдіршіндер журналистің сауалына тек орыс тілінде жауап берді.



“Балаларым кішкене орысқұл, одан ұяламын. Ол менің ең үлкен кемшілігім деп ойлаймын. Жолдасым орысқұл болғаннан кейін, үйде қазақша сөйлейтін жалғыз адам мен. Менің қазақшамды үш адам түсінбейді”, – дейді Зарина.


Сондай-ақ, Омарова өзінен кейін ерген сіңлісі мен інісі жайлы да баяндады.


“Менің жанұямда мен ең үлкені, менен кейін Мәдина есімді сіңлім, Азамат есімді інім бар. Ініме әкеміздің композиторлық қабілеті дарыған. Керемет даусы бар деп айта алмаймын, ал сіңлім мүлдем ондайға жоқ. Әншілік, сахнадан алыс”, – дейді Зарина. 


365info.kz




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.10.2018, 20:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30