Әскери бөлімдерде намазханалар ашу керек пе?

Әскери бөлімдерде намазханалар ашу керек пе?

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында, базарларда, мекемелерде, тіпті түрмелерде намаз оқитын арнайы бөлмелер бар. Алайда әскери бөлімдерде намазханалар ашу жайында дін өкілдері мен әскерилер ортақ пікірге келе алмай отыр. Олардың әрқайсысының өз уәждері бар. Енді кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін ойлы оқырман өзі ажыратып алар деген оймен қос сала мамандарының пікірлерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Оңғар-қажы Өмірбек, ҚМДБ баспасөз хатшысы:
— Халқымыздың басым бөлігі – мұсыл­ман. Қазіргі таңда жүрегінде иманы бар мекеме басшылары жұмыс орнынан на­маз­ханалар ашып қойған. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтардағы кейбір басшылары мен әскери саланың жетекшілері арасында қызметкерлеріне намаз оқуға тыйым салып отырған жағдайларын естіп қалып жатырмыз. Тіпті Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбаса­ры Сәкен Жасұзақов: «Дін әскерден бөлек болуы тиіс», – деп мәлімдеді. Мұның бар­лығы дінді түсінбегендіктен деп ойлаймын. Әйтпесе ислам діні — ең хақ дін. Намаз адамды жақсылық жасауға, адамгершілікке баулуға, имандылыққа тәрбиелейді. Әри­не, әскери сала басшыларының арасында ислам дініне көзқарасы түзу адамдар жоқ емес, бар. Мәселен Қазақстан Республи­касы ұланының қолбасшысы, генерал-лейтенант Абай Тасболатов Астанадағы «Нұр Астана» мешітіне жиі келеді. Жұма намаздардан қалмайды. Енді генералдар­дың өзі намаз оқып жүргенде, жауынгер­лерге намаз оқуға болмай ма? Тіпті Ресей­дің өзі әскери саланың барлығына, мектеп оқулығына да христиан дінін енгізген. Шіркеу қызметкерлері әскери бөлімдерді аралап, уағыз жүргізеді. Сен мұсылмансың ба, католиксің бе, онда олардың жұмысы жоқ. Православ дінін уағыздайды. Неге біз ресейліктерден үлгі алмаймыз? Қазір Аягөздегі, Қапшағайдағы әскери бөлім­дердің жауынгерлері жергілікті жердегі мешіттерге барып намаз оқып жүргенін талай көрдім. Сондықтан әскери бөлімдер­де намазханалар ашылуға тиіс. Егер сар­баз­дар намаз оқып, имандылық жолда жүрсе, олар бір-біріне әлімжеттік көрсетуі тыйылып, сыйластық, татулық орнайтын еді. Біздің Конституциямызда азаматтары­мызға дінді ұстануға құқық берілген. Де­мек дінге шектеу жоқ.
Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері:
– Әрине, ислам діні адамды иман­ды­лыққа тәрбиелейтіні рас. Оны мойындау керек. Дегенмен дін әскерден бөлек болуы керек. Себебі әскердің өзінің жарғылары бар. Мұнда әскери қызметкердің міндеттері мен шарттары, тәртіптері нақты көрсетілген. Сондықтан борышын өтеуші сарбаз ең алдымен әскери жарғыны басшылыққа алуы тиіс. Өйткені Отан қорғау — бұл қа­сиет­ті азаматтық парыз. Ал сол парызды орындау барысында жауынгерлер ешқай­да алаңдамай, әскери қызметтерін өтеуі керек. Оның үстіне, біз көп ұлтты елміз. Басқа ұлттың өкілдері де біздің әскерде борышын өтеуде. Ертеңгі күні дінаралық қайшылық тумасына кім кепіл? Мұсылман­дар бес уақыт намаз оқып, ал христиандар шоқынып жатса, әскери қызметті кім атқа­рады? Сарбаз әскери тапсырманы орындау кезінде «мен намаз оқимын» деп отыра ма? Онда ол қандай әскер болмақ? Сон­дықтан бұған зерделеп, байыппен жан-жақты ойланып барып, шешім шығарған жөн. Онымен қоса, қазіргі таңда елімізде түрлі діни ағымдар қаптап кетті. Егер біз әскерге дінді енгізсек, ертеңгі күні бұл са­ла­ға да діни ағымдар кіріп, ішкі қауіп­сіздігімізге нұқсан келтірмей ме? Сондықтан сарбаз тек қана әскери антты орындауға міндетті. Әрине, әскери қызметкерлердің дінге деген көзқарасын жақсарту үшін Құрбан айт, Ораза кездерінде арнайы дас­тарқан жайып, уағыз жүргізген дұрыс. Бі­рақ, жалпы, күнделікті өмірде дінді әскерге тықпалауға болмайды.

Міне, «әскери бөлімдерге намазханалар ашу керек пе?» деген сауалға жауап берген қос маманның пікірі осындай. Енді мұның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін анықтау — уақыт еншісіндегі мәселе. Дегенмен сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман? Бұл жөнінде ой саларлық пікірлеріңіз бен айтар орамдарыңыз болса, газетіміздің сайты арқылы немесе арнайы хат жазу арқылы ойларыңызды білдірсеңіздер екен. Алдағы уақытта біз бұл тақырыпқа қайта оралып, міндетті түрде пікірлеріңізді ескеретінімізді айтқымыз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста