Аборттың үкімі

Аборттың үкімі

Адам өмірінің қауіпсіздігі – шариғаттың басты негіздерінің бірі. Ислам шарты бойынша адамның өмір сүру құқығы Алла тарапынан ана құрсағынан бастап беріледі. Ол құқығынан ешкім, тіпті, ата-анасының да айыруға қақылары жоқ. Өйткені іштегі бала өмір сүру құқығын әке-шешеден емес, тікелей Алла тағаладан алады. Ата-ананың бала көтерудің алдын алуларына рұқсат. Бірақ көтеріп қойғаннан кейін іштегі баланың дүниеге келуіне кедергі болу жазаға лайықты.

Құранда баланы алдырып тастау жайында ашық үкім берілмегенімен, кейбір аят және хадистер іштегі баланың дүниеге келуіне себепсіз кедергі жасаудың харам екендігін білдіреді. Құранда балаларды кедейліктен қорқып өлтірмеу бұйырылған.

«Әрі таршылықтан қорқып балаларыңды өлтірмеңдер! Біз сендерге де, оларға да ризық береміз»т (Әнғам, 151).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да іштегі баланы алдыртуды үлкен күнә деп санаған. Сондықтан да денсаулығының нашарлығы немесе өміріне қауіп төну сияқты мәжбүрліктен тыс іштегі баланы түсіру немесе алдырып тастау шариғат заңы бойынша күнә іс деп есептеледі.

Ана құрсағындағы баланың ағзалары әлі білінбей, тек ұйыған қан түрінде болған болса, өте қажет жағдайда ғана алдыруға рұқсат.

Ал ағзалары білініп қалған нәрестені түсіру мақсатында қолдануға рұқсат жоқ. Ал, құрсақтағы ұйыған қан түрін дәрі арқылы не басқа да тәсілмен түсіру жайында Ислам ғалымдарының көзқарастары әр түрлі. Қанның 1,5-2 айлық уақытындағы ұйыған қан кезінде түсіру ханафи мен кейбір шафиғи мәзһабындағы ғалымдардың пікірі бойынша рұқсат. Алайда ханафи мәзһабының өз ішінде қалыптасқан көзқарас бойынша 1,5-2 айлық уақытындағы ұйыған қан кезінде де себепсіз алуға рұқсат жоқ. Бұрынға қалымдарымыз осылайша белгілі уақыт қойғанда хадистерге сүйенген. Өйткені кейбір хадистерде 120 күннен кейін балаға жан беріледі десе, басқа бір хадисте 40 күннен кейін беріледі делінген. Алайда іштегі балаға қанша уақыттан кейін жан бітетінін білу үшін медицина ғылымына сүйену дұрысырақ.

Жоғарыдағы үкімнің негізі іштегі жан біткен баланың өмірін сақтап қалу. Ал, енді, жан қай уақтта беріле бастаса, сол кезден бастап оны алдыру харам. Дұрысын Алла біледі.

ҚМДБ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» кітабынан

kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста