Адам етін жеп қойдым, енді қайтем?..

Адам етін жеп қойдым, енді қайтем?..

Қарағандылық ақын, жазушы Серік Сағынтайдың «Жалмауыз» атты абстракті әфсанасын оқыдыңыз ба? Әңгімеде «КарЛаг»-тағы «адам қасапшысы» болған қазақ пен жөйттің жағдайы баяндалады. Қаншама күн бойы аштықтан бұратылған бұл екеуін түрме күзетшілері өлген адамдарды сойып, мүшелеп, ішек-қарнын аршып, өкпе, бауыр, жүрегін ажыратып, қазанға асу жұмысына салады.
Әрине, бұлардың ас-суы да өздері асып жатқан адам еті мен сорпадан. Әңгімеде мынандай бір жері кездеседі: «Шұбалған тар дәліздегі бас сыймас тесіктен ұсынылған тегеште ылжырап піскен ет майсыз сорпаға батып, бу атып жатыр. Ыбырайым жалма-жан қолын салып жіберіп, қарпып алды. Аузы күйгеніне қарамай талмап, қылғытып жіберді. Өзегіне өрт құйылған. Суырып барады. Күйіп қалған тілін қоса жұтардай. Иегі кемсеңдеп, темір тегештегі сорпаны төге-мөге сімірді. Қалшылдап, қабырғаға сүйене кетті», – дейді де, – «Сүйегінен сылынып алынған, әлде, ұзақ қайнатылып, сілікпесі шығып, жілігінен ажыратылған ет – адам еті еді…», – деп оқып отырған адамның өзін құстыртып жібере жаздайды.
Әңгімені бастан-аяқ оқып шыққан адамның жүрегін шайлығып, лоқсып кетеді. Құйқаң шымырлап, өзің адам етін жеп жатқандай күй кешесің де, құсуға шақ қаласың. Қандай жиіркенішті дерсің. Оқып біткенше Кеңес үкіметіне лағнетіңді жаудыртасың.
Әңгіменің тағы бір жерінде өз қолымен ішін тіліп, кеңірдегін суырып тастаған мәйіттің өзінің туған бауыры болып шығатыны бар. Рас, «тоқтық не дегізбейді, аштың не жегізбейді».
Адам етін жеушілер...
Бұның бәрі өтті, кетті. Алла қайтып басымызға туғызбасын мұндай жағдайды дейміз. Десек те, қазір де мұндай адам етін жейтін жалмауыздар көп. Ол заманда адам етін мәжбүрлеп жегізсе, қазір өз еркімен жейтіндер. Ешкім мәжбүрлемейді. Ешкім оған итермелемейді. Ол адам жегіштердің есімі – ғайбатшылар. Яғни, кәдімгі кісінің сыртынан оны ренжітетіндей, намысына тиетіндей, арын былғайтындай сөз айтып, ғайбаттайтындарды «адам жегіштер» дейміз. Адам болғанда да өзінің туған бауырының етін жеушілер олар. Себебі, Алла Тағала және Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) солай деген. Құранда Раббымыз: «Бір-біріңді ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын өлген бауырының етін жегенді қалай ма? Әрине, бұдан жиіркенесіңдер! Ендеше Алланың азабынан қорқыңдар! Расында Алла Тағала құлдарының тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді», – дейді («Хужурат» сүресі, 12-аят).
«Ғайбатшы» кім?
Алла Елшісі (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Ғайбат – мұсылман бауырың туралы ол естіген жағдайда оған ұнамайтын сөз айтуың», – дейді. Сонда сахабалардың бірі: «Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше?» – деп сұрайды. Бұған Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың», – дейді.
Хикая
Хазірет Әнас былай дейді: «Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) бір күні ауыз бекітуімізді әмір етіп: «Рұқсат етілмейінше ешкім оразасын ашпасын» деді. Кеш қараңғылығы түскен  кезде Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) алдына келгендерге ауыздарын ашуға рұқсат берді. Осы кезде бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм)! Екі жас қыз ораза ұстап, қатты шаршады. Сіздің алдыңызға келуге ұялады, білем. Қарсы болмасаңыз, оразаларын ашсын» деген кезде Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) рұқсат бермей қояды. Әлгі кісі тағы екі мәрте Пайғамбардың алдына келеді. Ақырында Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Олар ораза ұстаған жоқ. Күні бойы адамның етін жегендердің ауыздары қалай берік болады? Оларға айт, ораза тұтқан болса, асқазанындағысын сыртқа  ақтарсын, көрейік» дейді. Әлгі кісі Пайғамбарымыздың (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) айтқандарын жеткізді. Олар Пайғамбарымыздың (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) айтқанын орындайды.
Пайғамбарымыздың (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) айтқаны айдай келіп, әлгілер қан лоқсиды. Жаңағы кісі Пайғамбарымызға (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) келіп жағдайды баяндаған кезде «Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған Аллаһқа ант етейін, егер құспай бұл қан асқазандарында қалғанда оларды жаһаннамның оты жұтар еді» деді. Екінші бір риуаятта әлгі кісі екінші рет келіп: «О, Аллаһтың елшісі, шыдамдары таусылып, аштықтан бұратылып тұр» дейді.
Пайғамбарымыз оларды әкелгізіп біреуісіне: «Кәне, лоқсы» деді. Ол қан аралас ірің лоқсиды. Тіпті, ыдыс толып кетті. Екіншісі де дәл солай.
Осыдан кейін Пайғамбарымыз «Бұлар халал жолмен ораза ұстады. Бірақ, адамдардың етін жеу арқылы харам жеді» деген-ді.
Не істеу керек?
Ғайбат айтқан құл екінші айтпастай тәубе етуі тиіс. Себебі, Құран Кәрімде Алла Тағала: «Бір-біріңді ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын өлген бауырының етін жегенді қалай ма? Әрине, бұдан жиіркенесіңдер! Ендеше Алланың азабынан қорқыңдар! Расында Алла Тағала құлдарының тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді», – деуі арқылы құлының тәубесін қабыл алатынын айтады.
Сосын екінші бұл күнәға бармау үшін тілін тізгіндеуі тиіс. Тілімен тек жақсы дүниелер сөйлеуі керек не үндемеуі тиіс. Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне анық сенсе, тек қана жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – дейді.
Сыйы қандай?
Тілін баққан адамға Пайғамбарымызды (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) Жәннатты кепіл етеді. «Кімде-кім маған екі жағы мен екі бұтының арасына қатысты кепілдік берсе, мен де оның жұмаққа кіруіне кепіл боламын», – дейді. Яғни, тілі мен жыныс мүшесіне (зинақорлықтан сақтанғанға) ие болғанға Алланың Жәннаты бар.
Ғайбат айтушыны тыйған адам үшін де Алланың сыйы бар. Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Кімде-кім діндес бауырының ар-намысын қорғап, бауыры жайлы айтылған ғайбат сөзді тыңдамай ғайбаттаушыны тыйып тастаса, қиямет күні Алла Тағала тозақ отын оның жүзінен қашық етеді», – дейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста