Адам құтыла алмайтын үш күнә

Адам құтыла алмайтын үш күнә

Алла елшісі: «Үш нәрсе менің үмбетімнен ешқашан қалмайды: жаман жорамал, қызғаныш және басқалар туралы жаман пікір»-деген. Сахабалардың бірі: «Олар біздің әлде біреуімізде болса, одан қалай құтылуға болады», - деп сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Егер қызғансаң Алладан кешірім сұра, егер біреу туралы жаман ойласаң мұны растама, егер жамандық нышанын көрсең алыс жүр», - деген.

Басқа бір хадисте: «Бірде-бір адам үш нәрседен құтыла алмайды: болжам, күмән және қызғаныш», - делінген. Алла елшісі адам баласының болмысын білгендіктен, адам әрдайым бейім болатын осы үш күнәні атаған.

Жамандық нышаны, жаман жорамал

Көптеген адамдар әлдеқандай жағдай бола қалса, жамандық жағын бірінші ойлап шығады. Жаманға жору Аллаға сенім келтірген адамның ісі емес. Бұл арадаға мәселе жаманға жоруда ғана емес, бал ашуда, болашақты болжауда болып тұр. Құранда: «Шынында олардың болжамдары Аллада болды, бірақ олардың басым бөлігі бұны білмейді»-делінген. Бұл дегеніміз кез-келген істің Алланың қалауымен және белгілеуімен жүзеге асатынын білдіреді.

Қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық

Қызғаныштың негізі – Аллаға разы болмауда жатыр. Адам өзіне Алла берген нығметтерді байқамай, өзгенікімен салыстыруға бейім. Қызғаныш екі дүниеде де адамның бақытсыздығына себеп болады. Алла елшісі: «От құрғақ бұтақтарды қалай жақса, қызғаныш та адамды солай жалмайды», - деген. Ислам бізді біреудікін қызғануға емес, өзімізге не тілесек өзгелерге соны тілеуге шақырады. Ал, біреудің қуанышына көңілі түсетін адам шынайы сенімнің дәмін ешқашан татпақ емес.

Болжам, басқалар туралы жаман ойда болу

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Адамдар туралы) жаман ойлардан сақтаныңдар, шынында жаман ойлар – бұл ең өтірік сөздер!»-деген. Шынайы мұсылман – ешқашан қолы мен тілінен өзгелер жәбір көрмейтін адам. Алла Тағала Құранда: «Көптеген болжамдардан алыс болыңдар, себебі бірқатар болжамдар күнә болып табылады»-деген (49:12). Хадисте: «Болжамнан сақтаныңдар, себебі болжам – ең өтірік әңгіме», - делінген. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста