ӘКЕ МЕЙІРІМІ

ӘКЕ МЕЙІРІМІ

Бір күні Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) қасына ұлын ертіп базарға барады. Ол екеуі киім сатушының алдына келіп, Әли: – Сенде бес дирһамға келетін көйлек бар ма? – деп сұрайды.

Сатушы: – Ия – деп мүміндердің әмірі Әлиге екі көйлекті ұсынады: біріншісі үш дирһам, екіншісі екі дирһам тұратын еді. Әли үш дирһамды көйлекті ұлына беріп, екі дирһам көйлекті өзіне қалдырады. Мұны көрген ұлы әкесіне қарап: – Уа, мүміндердің әмірі! Мына көйлекті өзіңіз алыңыз. Сіз мінбеге шығасыз, халыққа насихат айтасыз – дейді. Имам Әли (р.а.): – Мен Әлимін. Мен, мінбеге көтерілемін, халыққа уағыз жеткіземін. Ал сен жас жігітсің. Сенде жастықтың шаттығы бар. Мен өзімді сенен артық көруге Раббымнан ұяламын. Күмәнсіз, мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Оларды өздерің киген киімнен киіндіріңдер, оларға өздерің азықтанатын тағамнан беріңдер», – деп айтқанын есіттім – дейді.   Әңгімеден шығатын пайдалы сабақ   Ер адамның өз отбасына, бала-шағасына қамқорлық жасауы қажет. Өйткені, ата-ана отбасы үшін жауапты. Ибн Омар (р.ғ.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) келесі хадисын риуаят қылады: «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты, кісінің құлы(қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған жауапты. Әлбетте, бәрің де  бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар» (Бұһари). Әңгімеден көргеніміздей хазіреті Әли (р.а.) ұлының «Не үшін жақсы көйлекті маған бердіңіз?», –деген сұрағына: – Күмәнсіз, мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Оларды өздерің киген киімнен киіндіріңдер, оларға өздерің азықтанатын тағамнан беріңдер», – деп айтққанын есіттім – деген жауап береді. Демек, Әли өзінің отбасы үшін жауапты екенін түсініп, осылай жасады. Сондай-ақ, Құранға және пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисіне сәйкес амал етті. Алла тағала Құранда былай әмір еткен: «Адам баласы үшін әйел-аналар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді» (Әли Имран: 14). «Бірде келдейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де қоректендіреміз» (Исра, 31).   Екінші пайдалы сабақ Ата-ана баласына үлгі болып, жақсы тірбие беруі керек. Баланың бойына жас кезінен адамгершілік, үлкенге құрмет – кішіге ізет сияқты көркем мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға күш салады. Егер өсіп келе жатқан балаға дөрекі сөйлеп немесе қараусыз қалдырса, бұл көп жағдайда мінездің бұзылуына мұрындық болады. Әсіресе, балаға жалған сөйлемеген жөн. Бұған пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисі дәлел. Абдулла ибн Амир (р.ғ.) былай дейді: «Бір күні үйімізде Алланың елшісі (с.ғ.с.) отырған кезде анам: – Бері келеғой, бірдеңе беремін, – деп мені шақырып алды. Мұны көрген Алланың елшісі (с.ғ.с.): – Оған не бермекші едіңіз? – деп сұрады. Анам: – Бір түйір құрма бермекші едім, – деді. Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.): – Егер ештеңе бермегеніңде, саған бір өтірік жазылар еді, – деді»(Әбу Дәуіт). Сәби кезінен өтірікпен өскен бала, ержеткен соң өтірікші, ішітар, ұры, шағымданғыш, ұшқалақ, күлекеш, айлакер, сараң сияқты бойында жарамсыз қасиеттері бар азаматқа айналуы мүмкін. Бұдан сақтанудың жолы  –  балаға көркем тәрбие беру.   Үшінші пайдалы сабақ Бала-шағаны мейірім мен махаббатқа бөлеу керек. Әбу Һурайра (р.а.) мына хадисті риуаят етеді: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасанды еркелетіп, сүйген еді. Сол уақытта оның қасында әл-Ақрағ ибн Хабис әт-Тамими отырған болатын.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұндай махаббатын көрген Ақрағ: – Расында менің он балам бар. Олардың бірін де сүймедім, – деп айтады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған қарап: – Кім рахымды болмаса, оған рахымдылық бұйырмайды, – дейді» (Бұхари). Хадистер көргендей кім бала-шағасына, басқаға мейірімді болмаса, оған да Алланың мейірімі бола қоймас. Баланы ақылды, көрегенді әрі иманды етіп тәрбиелеу үшін ата-ананың махаббаты ауадай қажет. Алла Тағала бізге көзі ашық, көкірегі ояу, иманды әрі инабатты ұрпақ нәсіп етсін.  

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы
kazislam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста