Ислам діні

Ақтөбеде хиджаб мәселесін үш айда шешпек

  • Ақтөбеде хиджаб мәселесін үш айда шешпек

    Ақтөбеде хиджаб мәселесін үш айда шешпек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдерге орамал мәселесін жоюға тапсырма берді

Ақтөбе облысындағы мектептерде орамал дауының басталғанына біраз болды. Осы мәселеге байланысты Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ барлық әкімдерге орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді деп хабарлады 
aktobenews.kz.


Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары Ербол НҰРҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, мектеп формасын сақтамай, мектепке орамалмен барып жүрген оқушылардың саны 396-дан 197-ге дейін азайған.


«Бұл мәселе бойынша Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласы жақсы жұмыс істеді. Дегенмен, бұл мәселе күрделі болып тұр. Аталған аудандармен қоса Алға, Шалқар, Қарғалы, Хромтау және Қобда аудандарының әкімдері бұл мәселеге ерекше назар аударулары қажет», — деді Ербол Нұрғалиев.


«Ақордада үлкен жиын өтті. Сонда мектеп формасы жайлы Білім және ғылым министрлігінің ережесі бар екені айтылды. Бұл мәселе бойынша барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл жерде ата-аналар кінәлі. Жұмыс істеліп жатыр, бірақ нәтижесі нашар. Әкімдерге тапсырма беремін: үш айдың ішінде 197 бала мектеп формасына көшулері тиіс. Бұған облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев жауапты», - деді Бердібек Сапарбаев.


Мектеп оқушысының талапқа сай мектеп формасымен емес, діни атрибуттағы киіммен сабаққа баруы өзекті проблемаға айналғаны рас. Өзінің діни наным-сеніміне арқа сүйеген ата-ана баласының басына орамал орап, киімінің етегін ұзартып әлек.


Ал Білім және ғылым министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес қазақстандық оқушы талапқа сай түстегі мектеп формасын киюге тиіс. Осындай келіспеушіліктің салдарынан тіпті, орамал таққан оқушылардың ата-анасы мектеп директорын сотқа да сүйреді. Естеріңізде болса, Ақтөбе қаласының тұрғыны Қайрат ЖАРМАҒАМБЕТ №10 мектеп басшылығы қызымның құқығын шектеді деп сотқа шағымданған болатын.


Қайраттың пайымынша, оның қызы және басқа да өзі секілді діндарлардың балалары мектепке орамал тағып баруға құқылы. Өйткені орамал тағу – діннің бір шарты. Ал дін-Қайрат секілділердің жеке көзқарасы, ұстанымы. Ата заңымызда азаматтардың діни көзқарасы мен ұстанымына шектеу жоқ. Бірақ өзінің діни ұстанымын кез келген жерде насихаттасын, көрсетсін деген заң тармақтары Ата заңымызда жазылмаған.


Бір ғана ақтөбелік қана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі хиджаб дауына назар салсаңыз, өздерінің шариғаттарын алға тартқан діндарлардың билікке де, заңға да бағынғысы келмейтінін байқау қиын емес.


Хиджабқа байланысты кешегі мәжілісте өткен жиыннан кейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ та: «Мектепте хиджаб немесе орамал тағуға қатысты мәселелер Білім және ғылым министрлігінің құзыретінде. Өйткені министрлік бұйрығына сәйкес, мектепте балалардың арасында алауыздықты тудыратын кез келген мәселелерге қатысты шектеу бар, оның ішінде қымбат бұйымдар мен түрлі заттарды тағуға, қысқа көйлектер киюге болмайды. Сонымен қатар діни белгілерге қатысты талаптар ескерілген. Сондықтан бұл мәселе «Білім беру туралы» Заңда және Білім және ғылым министрінің бұйырығында нақты көрсетілген», - деп мәлімдеді.


Ал, көптен бері шешілмей келе жатқан мәселені Ақтөбе әкімі үш ай ішінде қалай "жойып" тастайды екен?  




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31