Ислам діні

Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

  • Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

    Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

Ақтөбе облысында жат ағымның жетегінде жүргендер дәстүрлі дінге қайтадан бет бұрып жатыр.

Сондай жанның бірі «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметіне теріс ағымның жетегінен қалай шыққанын баяндап берді, деп хабарлайды 
Керек инфо.


Дархан есімді (есімі өзгертілген) жігіттің айтуынша, өзінің дінге деген қызығушылығы екінші курста басталған. «Дінге деген қызығушылығым оянып, өз бетімше ислам жайлы уағыздар тыңдай бастадым. Абдуғаппар Сманов, Дарын Мубаровтың уағыздарын тыңдап жүрдім. Кейін қаладағы «Нұрдәулет» мешітіне жақын дүңгіршектердің бірінен «Намаз оқып үйренейік!» деген кітапша сатып алып, намаз оқуды үйрендім.


Әуел баста осы кітаптан үйренгенім бойынша оқып жүрдім. Бірақ кейін бірер намазхан бауырларым бұлай оқу дұрыс емес деді. Сөйтті де, өздерінің оқылу тәртібін үйретті. Солардың айтуы бойынша, намазды қайта-қайта қол көтеріп оқып жүрдім. Әминді сырттай айтатын болдым. Сақал қойдым, балақты қысқарттым. Әйелім де арнайы ниқаб кимесе де, орамалының шетімен бетін жауып, бүркеніп жүрді. Қазір ойлап отырсам, бастапқыда бізде сыртқы келбетке деген еліктеушілік басым болған сияқты. Солар не жасаса, соны қайталадық. Діннің дұрысы осы деп ойладық. Бір жағынан, исламды енді тани бастағаныңда кез-келген ақпаратты тез қабылдауға бейім тұрасың ғой», – деген жігіт бастапқыда діни сауатының аз болғанын да жасырмады.


«Басында діни кітаптарды сатып алып оқитынмын. Неке, исламдағы отбасы, сахабалардың өмірі жайлы. Бірақ мешіттегі имамдардан арнайы сабақ алған жоқпын. Оған да бұрынғы ортам әсер еткен шығар. Себебі, олар имамдарды тыңдамаңдар деп айтатын. Бір отырыста сондайды өз құлағыммен естігенім бар. Бірақ қай имамды айтқаны нақты есімде жоқ», – дейді ол.


«Әлгі өзіңіз айтқан ортаның бұрыс жолда екендігіне қалай көз жеткіздіңіз» деген журналист сауалына: «Былтыр күзде Ақтөбеге көп теолог мамандар келді. Жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонда Бауыржан Әлиұлы есімді ұстаз менімен жеке сөйлесті. Намазды қалай оқисың, дәретті қалай аласың деп сұрады. Бәрін жасырмай айттым, қарсылық танытқан жоқпын. Кейін ол мәзһаб ұстану керектігін айтты. Маған бұрын намаз үйреткен жігіттер адасып жүр деді. Олардың тек намазда емес, Алланы тануда да қателіктері бар екен. Алланы адамға ұқсатады, оған ағза, мекен береді дегендей. Шыны керек, бұл мәселеде менің білімім аз. Осы уақытқа дейін ол туралы ешкіммен тартысып та көрмеппін. Ал Бауыржан деген ұстаз маған осының бәрін түсіндірді. Алла ешбір жаратылысқа ұқсамайтындығын, Оған ағза беру дұрыс еместігін айтты.


Осы кездесуден кейін көп ойландым. Онсыз да соңғы кезде намазхан таныстарымның кейбір істері маған ерсі болып көрінетін. Суннамен жүреміз дейді, бірақ екі сөзінің бірі былапыт-бейәдеп. Кейбіреуі шегеді деп те еститінмін. Қарыз алса, қайтармайды. Адамға мурджи (адасқан ағым) не басқа деп оңай жала жаба салады. Көздерінде түк мейірім жоқ. Шыны керек, осыдан кейін олардан жиреніп кеттім. Істері мұсылманшылыққа жат мүлдем. Суннамен жүреміз дегендері әшейін сөз ғана», – деген Дархан қазір имамдар арқылы діни сауатын ашып жүргенін айтты.


«Қазіргі таңда «Нұр Ғасыр» мешітіндегі діни сауат ашу курсына барып, ұстаздардан сабақ алып жүрмін. Негізі қалада тұрмаймын. Жеке көлігім болғандықтан, ауылдан қатынап болса да, келіп жүрмін. Себебі білімнің маңыздылығын түсіндім», – дейді ол. Дархан сөз соңында дінге жаңадан бет бұрушы жастарға да өз кеңесін айтты. «Білім алу керек. Бірақ, беталды емес. Мешіттен, имамдардан. Теологтарды тыңдау керек. Елімізде саған ешкім намаз оқыма, дінді ұстанба демейді. Оған толық еркіндік берілген. Соның қадірін білуіміз керек», – дейді Дархан. 




Көрілген: 1017    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 19.10.2017, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30