Ислам діні

Әлемдегі ең дінге берік ел қайсы?

  • Әлемдегі ең дінге берік ел қайсы?

    Әлемдегі ең дінге берік ел қайсы?

Британиялық Telegraph басылымы сауалнама жүргізу арқылы әлем елдерінің діни картасын сызып, ең дінге берік халықты анықтады деп хабарлайды  Islam.kz.

Аталмыш карта 2008, 2009 және 2015 жылдары бірнеше рет жүргізілген сауалнамалардың нәтижесіне қарай сызылған. Сауалнамаға қатысқандарға «Өзіңізді діндармын деп есептейсіз бе?» деген бір ғана сауал қойылады.


Белгілі болғандай, ең діндар елдер Африка мен Таяу Шығыста болып шықты. Одан кейін Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Америка елдері де қалыспаған. Мұсылмандармен қатар христиандар тұратын Эфиопия бұл тізімде көш бастап тұр.


Аталған елде сауалнамаға қатысқандардың 99 пайызы өзін діндарлардың қатарына жатқызған. Сондай-ақ, Малаби, Нигер, Шри-Ланки және Йемен екінші орыннан көрінген. Сомалидегі діндарлар қарасы — 98%, Ауғанстанда — 97%.


Ал еуропалықтардың дені өздерін атеист санаған. Тек Польша ғана діндарлығы бойынша кәрі құрлықта алдыңғы орыннан көрінген. Ел тұрғындарының 86 пайызы өзін діндар санайды. Италияда бұл көрсеткіш - 74%, Грекияда - 71%. Жапонияда - 13%. Эстония - 16%, Швеция (19%), Норвегия (21%) және Чехия (23%).


Ал Қытайға келсек, миллиардтаған тұрғындардың 7 пайызы ғана өзін діндар санаған. Ал Ресей Федерациясында 70%, АҚШ - 56%. 




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

сенбі, 27.01.2018, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30