Ислам діні

Әлеуметтік желімен де жат ағымға жетелейді

  • Әлеуметтік желімен де жат ағымға жетелейді

    Әлеуметтік желімен де жат ағымға жетелейді

Ғаламтор арқылы әлеуметтік желі тұтынушыларының санасын улап, уағыз жүргізіп, дінді бұрмалап, терроризмді насихаттайтын теріс пиғылды топтармен күрес жүйелі жүргізіліп жатқандығы рас. Ол адамның санасын улап қана қоймай, радикалдандыру тәсілі болсын, жергілікті мешіт имамдарына қарсылық таныту әдісі болсын, әлдебір дінді қаралау мақсатында болсын мұның барлығы тыйым салынған әркеттердің қатарына жатады. Себебі, мұндай амалдың ақыры кез келген қоғамда бүліктің бой көтеруіне алып келері сөзсіз.


Мәселен, жуырда ғана еліміздегі сәләфизм жолымен жүремін деушілердің көсемдері Ділмұрат Әбу Мұхаммед және Назратұлла Әбу Мариям сынды тұлғалар Сауд Арабия елінің құқық қорғау қызметкерлері тарапынан діни алауыздық тудырды, деген күдікпен тұтқындалғаны туралы БАҚ беттері жарыса жазды. Бұл адамдар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін асыл дінімізді бұрмалап, жаһандық ғаламтор беттерінде рухани азығы аз қаракөз қазақ жастарын жат ағымның жетегінде кетуіне сеп болып отырғандығы ақиқат. Өкінішке орай, біздің кей жастарымыз шетел асып Сирия, Ирак секілді елдердегі соғыс майданына отбасымен аттанып тa үлгерді. Дінге сенемін деп, көңілдеріне селкеу түскен олар бүгінде мұсылман жастарының арасында бөлініп, қоғамның басты назарын өздеріне аудартып отыр. Бұның барлығы рухани азықтың азықтың, діни сауаттылықтың кемдігінің кесірі. Ендеше ғаламтор арқылы теріс идеологияны насихаттау амалдары харам екеніне дәлел бола алатын Рияд қаласында орналасқан Имам Мұхаммед ибн Сауд атындағы Ислам университеті тарапына дайындалып шыққан «Электронды терроризмге үгіттеу» кітабында берілген пәтуадан үзіндіні аударуды құп көрдік. Пәтуада аталмыш университеттің ғұламалары тарапынан экстремизм мен терроризмге жетелейтін үгіт-насихаттың харам екендігіне 3 бағытта төмендегідей дәлелдер келтірілген.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінде: «وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِّنَ الْأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُوا بِهِ ۖ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَىٰ أُولِي الْأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنبِطُونَهُ مِنْهُمْ ۗ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَاتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلَّا قَلِيلًا» - «Егер оларға (мұнафықтарға) тыныштық немесе қауіп-қатерден хабар келсе олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға с.а.у. не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның нақты мән-жайын білеген болар еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмаса шайтанға ермегендерің өте аз болар еді» делінген. Аятта әлдебір елге, қоғамға қатер төнген болса оған қарсы қандай әрекет жасау қажеттігін Мұхаммед с.а.у. пайғамбарға немесе басшыларға, ғұламаларға қалдыру керектігін айтып отыр. Өйткені, олар қарахалық үшін ненің қайырлы екенін жақсы біледі [1]. Бұл мұсылмандардың өз бетінше үкім шығармастар, белгілі бір басшыға, ғұламалардың шешіміне жүгінуге үндеу болып табылады.

Сонымен қатар, «А’раф» сүресінде: «وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا» - «Жер беті түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар» делінген. Аятта Аллаһ Тағала жер бетіне тыныштық орнағаннан кейін онда бүлік шығаруға қатаң тыйым салған. Имам Құртуби бұл аят төңірегінде: «Жаратушы Аллаһ біздерге жер бетінде кіші болсын үлкен болсын барлық бүлік атауынан тыйған» деген. Ендеше терроризм қазіргі заманның ең қауіпті дерті екенін ескерсек ғаламтор арқылы оған насихаттау бүлік шығарудың ең үлкені болып саналады.

Ал, ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар өзінен кейін мұсылмандар арасында түрлі бүліктің орын алатынын алдын ала ескертіп кеткен бірнеше хадистері бар. Солардың бірі Имам Ахметтен келген хадисте былай делінген: «Расында адамдар Исламға топ топ болып кіргені секілді одан топ топ болып бөлініп шығады». Бұған қоса Әбу Дәудтан риуаятында келесі бір хадисте: «Бір заман келеді, онда адамдар арасында бүлік орнайды. Бір біріне берген серттерінен ажырайды және бір бірімен тартысқа түседі. Ол уақыт келгенде тек білгендеріңді сөйлеңдер. Білмесең үндеме!» [2] делінген. Пайғамбардың өзі с.а.у. көзі тірісінде мұсылмандардың жағдайына қатты алаңдаушылық білдіргені осы хадистерден ақ белгілі. Сонымен қатар кімде кім ауызбіршілік пен тыныштықты бұзатын болса не істеу керектігі де айтылған. Демек, білгенді ғана айту және білгеннен ғана білім алу бүгінгі таңда міндетті болып отыр. Ал, қандай жағдай болмасын ғаламтор арқылы немесе көше аралап дінді бұрмалап насихаттаушылар болсын олардан білім алу аса қауіпті екен.

Және де барша Ислам ғұламалары бірауыздан басшыға бағынуға егер ол зұлымдық жасаған болса да мойсұну керектігін алға тартқан. Бұл жайында Ибн Хажар Ибн Батталға сілтеме жасап былай дейді: «Барлық Ислам ғұламалары басшыға бағыну міндетті екенін айтады. Себебі, мойсұнуда қайыр бар» [3].

Имам Науауи бұған қатысты былай деген: «Басшыға қарсы шығу ижма бойынша харам амалдардан. Себебі, басшы пасықтық, зұлымдық амал жасаса да ол тағынан түсіп қалмайды» [4].

Қорыта айтар болсақ, теріс пиғылды топтар тарапынан қоғамға келтіретін зияннан Ислам діні қатаң тыйым салғаны белгілі. Ардақты пайғамбар с.а.у.: «Зиян болмаса зияндық келмейді» деген хадистің мазмұны адамдар арасындағы тыныштықты көздейтіні белгілі. Себебі, ғаламтор жолымен әлдебір теріс мәліметтерді таратып, онымен халықтың санасын улау арқылы біз қоғамға зиян береді екенбіз. Осындай зиянның салдарынан адамдар арасында тыныштық та, ауызбіршілкте жоғалып, қоғамда үлкен бүліктің орын алуына себептігін тигізеді. Сондықтан жоғарыда аталған сынды азаматтардың арбауына қолды кеш сердім, деп түсіп қалмай, көкірегі ояау, көзіміз ашық болайық. Ендеше «Шынайы мұсылман – өзгеге қолымен де тілімен де зияны тимеген адам», деген хадиске лайықты бейбітсүйгіш мұсылман тұлғаға лайықты болайық ағайын!

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

Дінтанушы


Қолданылған әдебиеттер:

1- Құртуби тәпсірі «Ахкәм әл-Құран ли Құртуби» - 7 том / 145 бет.

2- Әбу Дәуд, - 1 том / 76 бет.

3- Фатху әл-Бари, Ибн хажар – 13 том / 7 бет.

4 – Шарх Науауи ала сахих әл-Муслим – 12 том / 229 бет.




 




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.11.2018, 17:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қаңтар, 20:48
    Құдай бар ма?
    18 Желтоқсан 2018
    Қызбен жүру күнә ма?
    16 Желтоқсан 2018
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан 2018
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан 2018
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан 2018
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан 2018
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан 2018
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан 2018
    Арақты қойғызған көрші

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31