«Алла барлық жерде» деп айту дұрыс па?

«Алла барлық жерде» деп айту дұрыс па?

«Алла барлық жерде» деп ертеректе өмір сүрген Мұғтәзилит ағымын ту ететіндер айтатын[1]. Олар: «Алла барлық жерде деудегі мақсат – тікелей мағынасы емес, астарлы мағынасында. Яғни, Алла барлық жерді білуші, барлық жерге билігін жүргізуші дегенді білдіреді», – деседі. Әйтсе де, аталмыш ағымның ішінде әлгі тұжырымды шынайы мағынада, тікелей қабылдайтын ғалымдары да болған[2].

«Алла барлық жерде» деген сөзді қандай мағынада болса да, айтуды ғалымдарымыз қош көрмеген. Мұны тура мағынасында айту – күпірлік. Себебі, «таухид» сеніміне көлеңке түсіреді[3]. Ал, астарлы мағынаны білдіру үшін де «Алла барлық жерде» деудің қажеті жоқ.

Бұл жайында Мәтуриди ақидасының беделді кәләмші ғалымы Әбу Муъин ән-Нәсәфи (қ.ж. Х/507 ж. М/1114ж.) өзінің «Тәбсиратул Әдиллә» атты еңбегінде былай дейді:

«Мұғтәзилит және Нәжжәрия ағымы: «Алла барлық жерде. Оның мағынасы барлық жерді білуші, барлық нәрсеге күші-құдіреті жетуші, барлығына билігін жүргізуші», – дейді. Олар біздің «Алланың мекені жоқ» деген сенімімізді мақұлдайды. Біз де олардың «Алла барлық жерді білуші, барлық жерге билігін жүргізуші» деген сеніміне келісеміз. Арамыздағы айырмашылық – айтылуында («Алла барлық жерде» деулерінде). Бірақ Алланың барлық жерді білуші екенін түсіндірулері үшін «Алла барлық жерде» деген тұрпайы сөзді қолдануға мұқтаж ба олар? Тікелей мағынасы күпірлік пен адасушылықты тудыратын мұндай сөзді қолдануға не нәрсе мәжбүр етті? Олай айтуды қажет еттірген не нәрсе? Осындай сөйлем бірде-бір аятта, бірде-бір мәшһүр хадисте келмеген. Аят-хадис айтпаған жерде Алланың әр нәрсені білетінін түсіндіру үшін әлгіндей тұрпайы сөзді қолданудан ұзақ тұруымыз қажет. Жетістік те, жәрдем де Алладан»[4]

Ендеше қандай мағынада болса да «Алла барлық жерде» деп айту дұрыс емес. Оның орнына «Алла барлық нәрсені білуші. Одан еш нәрсе жасырын емес» дегеніміз жөн.

Осы тұрғыда мынаны да айта кетелік: Әһли сүннә ақидасы бойынша, Алла Тағаланың мекені, орны жоқ. Пәк Алла орын жаратылмай тұрып бар еді. Бүкіл орындар жойылады (мәңгі емес), ал Алла Тағала әзәлде қандай болса солай қала береді. Ол Аршта да, аспанда да емес. Оның (төбеде немесе он жақта, сол жақта т.б. дейтіндей) тарапы, тұсы жоқ[5]. Ұлы Жаратушымыздың мекені бар деу, Оның «ҚИДАМ – әуелсіз және соңсыз» сипатына көлеңке түсіреді. Себебі, мұндай ұйғарымдарда жаратылыстың белгілері бар.

Имам Мәтуриди былай дейді: «...Шынында да, Ұлы Аллаға орын белгілеу немесе «Алланың өзі (Би Зәтиһи) барлық жерде» деп сипаттама беру – Алла қандай да бір жерге орнығуды, тұрақтауды керек етеді деген сөзді меңзеген болады. Құдды, бір жерге орналасып, сол жерде өзгеріске ұшырап жататын, белгілі бір мекенді орнығуды керек ететін денелер іспетті...»[6]

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста