Аллаға және ақырет күніне иман еткендер мыналарды жасасын!

Аллаға және ақырет күніне иман еткендер мыналарды жасасын!

 1. Сафуан ибн Сүләймнен (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Расулалла (с.а.у.) былай деген: «Жесір мен жетімнің бір қажетін өтеуге тырысқан адам Алла жолында күресіп немесе күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқыған адамға ұқсайды» (Бұһари, Әдеп, 25)

Ескерту: Бұл хадис шәріп әрі жеке тұлға әрі мекеме ретінде жасалған көмектерді қамтуда. Жоқ-жітіктер мен жесірлердің қажетін өтуге жұмыс жасайтын қорларда ерікті ретінде еңбек етушілер мен осындай қорларға қаржылай қолдау білдірушілер де осы хадисте айтылған қуанышты хабарға ортақ.

2. Әбу Хұрайра (р.а.) Расулалланың (с.а.у.) былай дегенін жеткізген:

«Садақа дүниеден еш нәрсе азайтпайды. (Бір қателігін) кешіруі себепті Алла құлының абыройын арттырады. Әлдекім кішіпейілдік танытса, Алла оның дәрежесін міндетті түрде өсіреді» (Мүслим, әл-Бирр уәс сыла, 2588)

3. Әбу Саид әл-Хұдридан (р.а.) риуаят етілуінше, Расулалла (с.а.у.) былай деген:

«Бір мүмин ашыққан мүминге ас берсе, қиямет күні Алла оған жұмақ жемістерінен жегізеді. Бір мүмин шөлдеген мүминге су берсе, қиямет күні Алла оған аузы мөрлі жұмақ шарабынан ішкізеді. Бір мүмин жалаңаш бір мүминді киіндірсе, ұлы Алла қиямет күні оған жұмақ киімдерінен кидіреді» (Тирмизи, IV, 633; Әбу Дәуіт, II, 130).

4. Әбу Хұрайра (р.а.) Расулалланың (с.а.у.) былай дегенін жеткізген:

«Алла жолында жұмсалған ақша, бір құлдың басына бостандық әперу үшін жұмсалған ақша, кедейге садақа ретінде берген ақша және отбасыңа жұмсаған ақша бар ғой... Міне, бұлардың ішінде саған ең көп сауап әкелетіні отбасың үшін жұмсаған ақшаң» (Мүслим, Зекет, 39, 995).

5. Әбу Шейх әл-Хұзаидан (р.а.) риуаят етілгені бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Аллаға және ақырет күніне иман еткен жан көршісіне жақсылық жасасын. Аллаға және ақырет күніне иман еткен жан қонағын күтсін. Аллаға және ақырет күніне иман еткен жан не пайдалы сөз айтсын не үндемесін» (Бұһари, Әдеп, 31, 85; Мүслим, Иман 77, 48).

6. Әбу Хұрайрадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша Расулалла (с.а.у.) былай деген: «Құлдар таңатырған әр күні екі періште (жер бетіне) түседі. Біреуі: «Алла тағалам, дүниесінен жақсылық жолында жұмсаған пендеңе (соған қарым ретінде) сен де дүние бере гөр!» деп дұға етеді. Екіншісі: «Алла тағалам, дүниесін қимағанға, (қарымы ретінде) дүниесін құрт» деп қарғыс айтады» (Бұһари, Зекет, 27; Мүслим, 57, 1010).

7. Aбдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят еткен:

«Расулалла (с.а.у.) маған былай деді: «Абдуллаһ, түнгі намазын бір оқып, бір оқымай қойғандардың қатарында болма» (Бұһари, 1152; Мүслим, 1119).

8. Абдуллаһ ибн Сәлам (р.а.) былай әңгімелеуде:

«Расулалла (с.а.у.) Мәдинаға келген кезінде жұрт оны қарсы алу үшін алдынан жүгірді. Үш рет «Расулалла келді» делінді. Көрейін деп мен де бардым. Жүзін көргенімде өтірікші еместігін сездім. Ол кісіден алғаш мына сөзді естідім: «Уа, адамдар! Сәлемді жайыңдар, тамақ беріңдер, туыстық қатынастарды сақтаңдар. Ел ұйқыда жатқанда намаз оқыңдар. Сөйтіп жәннатқа кіріңдер» (Ибн Мажә, 3251; Тирмизи, 2485).

9. Әбу Хұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте:
«Расулалланың (с.а.у.) былай дегенін естідім: «Аллаға ант етейін, расында мен күніне жетпістен көп мәрте Алладан кешірім тілеймін әрі тәубе етемін» (Бұһари, Дағуат, 3).

10. Әбу Саид әл-Хұдри (р.а.) әңгімелеуде: «Расулалла (с.а.у.) былай деді: «Кім арлы болуды тілесе, Алла оны арлы етеді. Кім жұрттан ештеңе күтпесе, Алла оны жұртқа мұқтаж етпейді. Кім  бір қиындыққа сабыр етуге тырысса, Алла оған сабыр береді. Сіздерге сабырдан өткен қайырлы әрі мол игілік берілмеген» (Бұһари, Зекет, 1469).

 

Пайғамбарға (с.а.у.) бағынудың маңызы

«(Уа, Мұхаммед!) Сенен олжа жайлы сұрайды. Былай де: «Олжалар Аллаға және расулына тән. Ендеше, егер мүмин болсаңдар, Аллаға қарсы келуден сақ болыңдар, (бір бірлеріңнің) араларыңды жарастырыңдар, Алла мен елшісіне бағыныңдар» (Әнфал, 1).

 

Сүннетке бағынудың маңызы

«Жамағатқа Алланың кітабын ең жақсы оқитын имам болады. Егер оқу мәселесінде тең болса, Сүннетті ең жақсы білетін, Сүннет мәселесінде тең болса, бірінші болып хижрет жасаған немесе алдымен мұсылман болған имам болады» (Мүслим, Мәсажид, 673).

 
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста