Ислам діні

Алматыда әйелдер қауымына еліміздің діни ұстанымдары түсіндірілді

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Алматыда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің діни мәселелер жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшылары әйелдер арасында діни мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Онда діндердің рухани және моральдық компоненттері, әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесі, қазіргі қоғамдағы аналар, деструктивті діни бірлестіктерге қарсы тұру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек сарапшылар дәстүрлі исламның нормаларын түсіндірді және соңғы уақытта еліміздегі өзекті болып отырған радикалды ағымдардың зияны туралы айтылды.


Сондай-ақ, діни саланы реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қозғалды.


Жалпы алғанда, халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін ұйымдастырылған шараға мемлекеттік орган өкілдері, діни қызметкерлер, қайырымдылық мекемелерінің оқушылары, студенттер, сауда үйлеріндегі жұмысшы әйелдер қатысты.


Сонымен қатар, жат ағымдардың жетегінде кеткен әйелдерге жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, діни және психологиялық кеңес берілді.


 


 


 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31