Ислам діні

Әр мұсылман отбасы білуі қажет

  • Әр мұсылман отбасы білуі қажет

    Әр мұсылман отбасы білуі қажет

 Мұсылман отбасы мешітте некелесу арқылы құрылады. Ең бірінші, ерлі-зайыптылардың арасында өзара сүйіспеншілік болуға тиісті.


Ер адамның міндеттері: 


1.Отбасының барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек етуге міндетті.

2. Алыс сапарға шығарда үй іші тарықпас үшін қажетті заттармен қаматамсыз етуге міндетті.

3. Отбасында діни және адамгершілік міндеттердің орындалуына ұйытқы болуға жауапты.

4. Әйеліне жұмсақ, мейірімді болуы, дөрекілік жасамауы, ренжітпеуі шарт.

5. Әйеліне намсысын аяқ асты етпей, қадірін сақтауға міндетті. Аяғы келеңсіздікке апаратын істен сақтандырғаны жөн.

6. Сөзімен де ісімен де әйелінің жаратылысын, мінезін келемеждеуіне оған күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасауына, туған-туыстарын балағаттап қорлауына, кемсітуіне рұқсат жоқ.

7. Бір жаққа кетерінде қайда баратынын әйеліне ескеруі тиіс.


Әйел адамның міндеттері: 


1.Күйеуіне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарап, оған бағынуы, үй шаруасында, бала тәрбиесінде жұбайына көмектесуі қажет.

2. Үнемшіл болуы керек. Жұбайының тапқанын ысырап етей, үйге ие болуға тиісті.

3. Үйін,отбасын ойлап, оның намысын қорғауға міндетті.

4. Күйеуіне қарсы шықпайды, шайпау мінез көрсетпейді, бір жаққа шығарда күйеуінен рұқсат алады.

5. Басқа еркеке көз салмау.

6. Ерінің ықтиярынсыз оның мүліктерін, ақшасын, басқа да нәрселерін өзгелерге бере алмайды.

7. Ерінің тапқанын қанағат тұтады. Ерінен артық нәрселерді талап етпейді.


Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері: 


1.Балаларды дені сау етіп өсіру, олардың тән жан саулықтарын қорғау.

2. Балаларына арам нәрселерді жегізбеу.

3. Балаларына жақсы ат қою.

4. Балаларын жақсылап тәрбиелеп, оларға үлгі болу.

5. Балаларына діни және адамгершілік міндеттерді үйрету.

6. Балаларын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру.

7. Балаларды жақсы көріп, оларға қашанда көңіл бөлу.

8. Балаларын жақсы көре отырып, оларға сыйлық бергенде алаламау, тең көру және әділетті болу.

9. Ержеткен балаларын үйлелендіру.


 


elana.kz




Көрілген: 840    Пікірлер: 0

сенбі, 17.03.2018, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Наурыз, 11:17
    Қабір өмірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30