Ислам діні

Арақ ішіп қойған адам ертесіне намаз оқи ала ма?

  • Арақ ішіп қойған адам ертесіне намаз оқи ала ма?

    Арақ ішіп қойған адам ертесіне намаз оқи ала ма?

Сұрақ: Әссәләмуғалейкум! Арак ішкен адам дарет ала ма, әлде ғұсыл ала ма? Арақ ішкен адам намаз оқи ала ма? Толық нақты малимет болса! Алла разы болсын. Теміржан Кәримов


Сұрақ: Намаз оқып жүріп арақ ішіп қойсаң, ертесіне намаз окуға бола ма? Қанат.


Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Арақ ішкен адам намазын тастамай, құлшылығын жалғастыруы керек. Қайта намаз - күнәсіна тәубе етудің бірден бір жолы. Тіпті, ғалымдарымыз айтады: ес-түсін жоғалтпай, не айтып, не қойғанын білетін кісі уақыты келген намазға тұруы тиіс деп. Құранда: «Не айтқандарыңды (не айтып, не қойғандарыңды) білгенге шейін (намазға жақындамаңдар)», - делінген[1]. Бұл – намаздың қаншалықты маңызды құлшылық екендігін көрсетеді.


Ондайда ғұсылдану ерікті іс. Дәрет алумен шектелуіне де рұқсат.


Алайда, ішімдік ішкен кісінің оқыған намазының қырық күн бойы сауабы болмайды. Тек, мойнындағы намаз оқу міндетінен құтылған болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:


«Кімде-кім, шарап ішіп мас болса, оның қырық күн (сабахән) намазы қабыл болмайды. Одан кейін күнәсіне тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етіп кешіреді...»[1].


Хадис шәрифтегі «қабыл болмайды» деген сөз – оқыған намазына сауап жазылмайды дегенге ишара. Бұған қатысты ғұлама Имам ән-Нәуәуи былай дейді:


«Намазынын қабыл болмауы – оқыған намазының сауабы болмайды деген мағынада. Десе де, мойнындағы намаз оқу міндетін өтегенге саналып, кейіннен ол намаздардың қазасын оқудың қажеті жоқ»[2].

Арақ ішу – Исламда ауыр күнәлардан саналады. Қасиетті Құранда «ішімдік - лас, шайтанның істерінен» делінсе, хадисте: «ішімдіктің азы да, көбі де харам» - деген. Басқа бір сахих хадисте: «Араққұмар – пейішке кірмейді» делінеді[3].


Алла Тағала баршамызды тура жолына бастап, теріс шайтанның жолына түсіп кетуден сақтасын!


[1] Имам Тирмизи: Сүнән.

[2] Сахих Мүслимнің түсіндірмесі.

[3] Ибн Мәжә: №3376 хадис.


Абдусамат Қасым 


islam.kz




Көрілген: 1827    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31