Ислам діні

ӘРБІР ҚИЫНДЫҚ КҮНӘНІҢ КЕШІРІМІ ДЕЙ АЛАМЫЗ БА?

  • © muslim.kz

    © muslim.kz

Ас сәламу алейкум! Осы адамдар ауырып немесе қиын бір жағдайға ұшырап жатса, жанымыздағылар «Алланың сынағы ғой, Алла Тағала сүйген құлдарын сынақ беріп сынайды» деп жұбатып жатады. Сосын тағы естігенім, біздің басымызға келген әрбір қиындық күнәміздің кешірілуіне себеп болады екен. сол қаншалықты рас.


Уа алейкум әссалам! Расында, Алла Тағала адам басына келген әр қиындық үшін оның күнәларын кешіреді. Мысалға, Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):


مَا يُصِيبُ المُسْلِمَ مِنْ نَصَبٍ وَلا وَصَبٍ، وَلا هَمٍّ وَلا حَزَنٍ وَلا أَذًى وَلا غَمٍّ، حَتَّى الشَّوْكَةِ يُشَاكُهَا، إِلَّا كَفَّرَ اللهُ بِهَا مِنْ خَطَايَاهُ


«Қайсы бір иман иесі ауырса, қажыса, уайымдаса, көңілсіз болса, зиян көрсе, қайғы шексе, тіпті аяғына тікен кірсе-дағы, Алла оған сол арқылы күнәларын кешіреді»,[1] – дейді.


Әнәстан (р.а) жеткен басқа хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қызуы көтеріліп ауырып жатқан бір бәдәуи арабқа зиярат етуге кіргенде, оған ауруының: «Күнәнің кешірілуі мен тазалық»,[2] – дегені айтылады.


Осы хадистерге сүйеніп, адамның басына келген нендей қиындық болмасын ол адамның күнәларының кешірілуіне себеп болады дей аламыз. Ең дұрысын Алла біледі! 


muslim.kz




Көрілген: 969    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 16:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31