Аштық хал мен тоқтық халдің 10 айырмашылығы

Аштық хал мен тоқтық халдің 10 айырмашылығы

Аш жүрудің қандай болатынын ораза ұстаған жамағат жақсы түсінеді. Ораза ұстаудың, ашығудың адам ағзасына пайдасы көп.

Аштық халде көңіл тыныштығы мен зейін (жады) күштілігі, ал тоқтықта ақымақтық пен ұмытшақтық пайда болады.
Аштық халде жүрек жұқалығы, яғни сезімталдық болады. Сонан дұға мен ғибадаттардан ләззат алынады. Тоқтық xалде жүрек қатаяды да, ғибадаттан ләззат алу мүмкін болмайды.
Аштық халде қарапайымдылық пен мінез жұмсақтығы, ал тоқтықта тәкаппарлық, мақтаншақтық, ашу халі болады.
Аштық халде кедейлер мен аш жүргендердің қамын ойлау, ал тоқтық халде оларды ойламау мен бейқамдық көрініс табады.
Аштық халде нәпсілік армандарға деген әуесқойлық басылады. Тоқтықта керісінше, іске асады.
Аштық халде ширақ әрі сергек болады. Тоқтық халде ұйқы мен ғапылдық , жалқаулық болады.
Аштық халде ғибадат пен құлшылықты жалғастыру оңай, ал, тоқ болғанда жалқаулық пен осалдық басым.
Аштық халде денсаулық жақсарады, керісінше тоқтықтан түрлі аурулар пайда болып, дене әлсірейді.
Аштық халде денеде жеңілдік пен рахат болады, тоқтықта ауырлық басады.
Аштық халде садақа беру сияқты қайырымдылық жасау сезімі көбейеді. Бұл да құлды қиямет күнінің үрейлі ыстығында салқын көлеңкеге жеткізеді. Ал, тоқтық халде сараңдық пен ысырапқорлық пайда болады да құлды зиянға ұшыратары анық.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста