Ислам діні

Ата-ананың бірі қарсы болған жағдайда баланың діни рәсімге қатысуына тыйым салынады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Елімізде бет-әлпетті тұмшалайтын киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынуы мүмкін. Ал талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Мәжілістің жалпы отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды.


Мәселен, 16 жасқа толмағандардың ата-анасының бірі қарсылық білдірген жағдайда діни рәсімдерге қатысуына тыйым салынады. Ал егер рұқсат берсе, онда ата-анасымен бірге еріп баруы тиіс. Заң бұзған жағдайда діни бірлестік басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Сондай-ақ некені қию бойынша рәсімдерді діни бірлестіктердің ғимараттарында ғана өткізу қарастырылып отыр.


Бұдан бөлек діни бірлестіктер жыл сайын барлық кіріс көздері мен көлемі жөніндегі есепті Ақпарат құралдарында жариялауға міндеттелмек.


Жаңашылдыққа толы құжатты Мәжіліс депутаттары талқылай келе бірінші оқылымда мақұлдады.


Дархан Кәлетаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:


-Cондай-ақ Мәжілісте мүгедектерге күтім жасайтындарға жаңа жәрдемақы тағайындау мәселесі қаралды. Яғни биыл 1 шілдеден бастап, кәмелеттік жастан асқан 1-топтағы жарымжандарды қараушыларға ай сайын шамамен 30 мың теңге төлеу көзделіп отыр. Атаулы көмекті еліміз бойынша 14 мыңға жуық отбасы алатын болады. Ол үшін бюджеттен 2,7 млрд теңге қарастырылған.


Бұдан бөлек жалпы отырыста дәрі-дәрмектің шекті бағасын реттеуге бағытталған заң жобасы да қаралды. Денсаулық сақтау министрі көтерме бағада сатылатын дәрі-дәрмектің үстіне қосылатын үстемақы көлемін ең көп дегенде 40 пайызға, бөлшек саудада 50 пайыздан асырмауды ұсынып отыр. Қымбат дәрілерге 10 пайыз үстемақы қосылады. Бұл шектеулер келер жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.


Осы орайда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының тапсырмасына сай барлық дәрі-дәрмек бағасын заң жүзінде реттеудің қажеттігіне назар аударды.


Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:


- Әр азамат дәріханаға барғанда сол ақпаратты алып, интернет арқылы біздің Денсаулық сақтау министрлігінің, Үкіметтің сайтынан қарастырып, сатып алуға болады. Оның бағасы асып кетсе ол арнайы біздің фармация комитетінің жергілікті департаменті ақапарат берсе, біз сондай мәселелерді зерттеп жаңа айтып жатқан административті жауапкершілікке тартамыз.


 24.kz




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31