Ислам діні

Атырауда Елбасы Жолдауы талқыланды

  • Атырауда Елбасы Жолдауы талқыланды

    Атырауда Елбасы Жолдауы талқыланды

Атырау қаласына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы іссапармен болды.


Сапар барысында ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жан жақты түсіндіру мақсатында өңірдегі діни бірлестік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен жиын өтті.



Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, «Приход Собора Успения Божией Матери Уральской Епархии» шіркеуінің басшысы М.Соколов, Римдік-католиктік Атырау Апостол Әкімшілігінің Апостол әкімшісі Б.Дариуш, «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Ақпарат» қоғамдық ұйымының директоры Г.Елешова, «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.Адиева және басқа да діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты.




Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағыттар қойылған, осы мақсатта жұмыла шешілетін міндеттерді өзара бірлікте атқару өте маңызды. «Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат. Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін қажетті міндеттерді нық сеніммен атап көрсетті. Осы Жолдауды біз ықыласпен қабылдаймыз, оның міндеттерін жүзеге асыруда күшіміз бен үлесімізді қосамыз»,-деді Комитет төрағасы Е.Оңғарбаев.

Сонымен қатар, жиын барысында Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде әзірленген және қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің талқыланудағы «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» Заң жобасындағы бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде ой қозғалды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға дәйекті жауаптар берілді.

 




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 08:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30