Ислам діні

Ауырғанда денені арақпен ысқылауға бола ма?

  • Ауырғанда денені арақпен ысқылауға бола ма?

    Ауырғанда денені арақпен ысқылауға бола ма?

Әссәләмуғалейкум! Ауырғанда яки бала-шаға ауырғанда үстіне арақ жақса бола ма, ыстығын түсірүге? Айтайын дегеним, арақ харам ғой! Талғат Әуелбаев.


Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Имам Ағзам Әбу Ханифа бойынша, арақ - ішуге тыйым салынғанымен, нәжістер қатарынан саналмайды. Өйткені, бидайдан жасалған ішімдіктер - нәжіс емес.


Әйткенмен «Барлық көп ішкенде мас ететін ішімдіктердің азы да харам әрі олар - нәжіс» дейтін Имам Мұхаммедке қарағанда, арақ та «ауыр нәжістер» қатарынан.


Қорытындылай келе, арақпен ысқылаудың денедегі ыстықты тез түсіретіндігін әрі қысқа уақыт ішінде ұшып кететіндігін, оның үстіне нәжіс ретінде саналмайтындығын назарға ала отырып: ауырғанда арақты денеге жағудың күнәсі жоқ деуге негіз бар.


Десе де, мүмкіндігінше бірден харам затқа жүгіргеннен гөрі алдымен адал саналатын арнайы медициналық препараттармен ем-дом жасауға тырысқан абзал. Одан қайтпаса, немесе жазылуы созылып кетсе ғана аталмыш тәсілге жүгінген жөн.


Бүгінгі мәселеге қатысты қосымша мәлімет айта кетер болсақ, ескі Ханафи фиқһ кітаптарында ғалымдардың мынадай сөздері келтіріледі:


«Харам нәрседе шипа бары білінсе, әрі одан өзге дәрі табылмаса, қолдануға рұқсат»

«Харам нәрседен ем іздеуге болмайды, егер онда ем бары білінбесе. Ал, білінген болса және одан өзге дәрі табылмаса, рұқсат».

«Науқас адамға ем үшін зәр ішуге, қан ішуге рұқсат, егер мұсылман бір дәрігер онда ем барын айтқан болса және оның орнын басар өзге адал нәрсе табылмаса».

«Егер, мұсылман дәрігер харам заттан тез емделесін деп айтса, ол жағдайға қатысты екі пікір бар (бірінде – рұқсат; екіншінде - рұқсат емес, адал затты қолдану керек)»[1].

[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар – 7/480 бет.


Абдусамат Қасым 




Көрілген: 1284    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30