Ислам діні

Ай тұтылғанда не істеген абзал?

  • © ihsan.kz

    © ihsan.kz

Айдың тұтылуы яғни Күн мен Айдың арасына Жер шарының дөп келуін дінімізде хусуф деп атайды, ал, Күннің тұтылуы кусуф деп аталады. Күн мен Айдың тұтылуы кезінде Алланың адам баласына нәсіп еткен жарығы сөнеді. Жер бетін уақытша қараңғылық басады.


Ай немесе Күннің тұтылуы қиямет күні белгілерінің бірі болып саналады. Қасиетті Құран Кәрімде бұл жайында: «Сөйтіп ол (ақырет сенімін мазаққа айналдырып): Әлгі қиямет күні қашан? – деп сұрайды. Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан, Ай тұтылған, және Күн мен Ай бір-бірімен тоғыстырылған кезде. Міне, сол күні адам баласы: «Қашатын жер бар ма?!» - дейді. Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап, паналайтын жер жоқ! Ол күні бәрінің барар жері Раббыңның құзыры болмақ. Ол күні адам баласына (дүниеде өз қолымен істеп, ақыретке) жолдаған жақсы-жаман істері түгелдей білдіріледі».[1]


Табиғаттағы мұндай құбылыстар Алла Тағаланың құдіреті мен ұлылығының нышаны. Құран Кәрімде «Негізінде, мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз»[2]деген аят бар. Демек, үрейлі тосын оқиғалар адамдарды Алланың құдіреті мен ұлылығын мойындап, әлемнің кемел жаратылғандығын ойлап, тәубеге, құлшылыққа итермелейді.


Алла Елшісі (с.ғ.с.) Күн мен Айдың тұтылған сәтінде арнайы құлшылық жасап, дұға еткен және басқаларға да намаз оқуды бұйырған. Ай тұтылған уақытта үйіңізде екі немесе төрт рәкат намазды жеке-жеке іштей оқу құпталған, жақсы іс болып саналады.


Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) баласы Ибраһим бір жарым жасында шетінеп кеткенде Күн тұтылған. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ай мен Күн Алланың бар екеніне әрі құдіреті шексіз екендігіне анық дәлел. Бұлар ешкімнің қайтыс болуына немесе өмірге келуіне байланысты тұтылмайды. Ай немесе Күннің тұтылғанын көрсеңдер, көзі ашылғанға дейін намаз оқыңдар, дұға етіңдер»[3], - дейді. Тағы басқа бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) бұл екі жағдайда садақа беріп, құл азат етуді бұйырған[4].


Ғалымдардың зерттеуінше Шілденің 27-жұлдызында Жердің көлеңкесі Айды 4 сағаттан аса уақытқа толығымен жабады. Астрономдардың айтуынша бұл ХХІ ғасырдағы ең ұзақ Ай тұтылуы болмақ.

Барлық құқықтары қорғалған.


Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз. 


ihsan.kz




Көрілген: 1889    Пікірлер: 0

жұма, 27.07.2018, 14:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31