Алаш баласы, айнаңа қара!

сейсенбі, 28.03.2017



Ислам діні

Әйелдің жыныстық міндеті

  • © muslim.kz

    © muslim.kz

Әйел адамның күйеуі алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – жыныстық міндеті. Себебі ер азамат негізінен харамнан сақтану, яғни, зинаға бармау үшін әрі ұрпақ жалғастыру үшін үйленеді. Ал әйел бұл міндетіне немқұрайлы қарайтын болса, отбасының шырқы бұзылып, күйеуінің жаман жолға түсуіне себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, адамзаттың ұстазы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелдерге ескерту жасап былай дейді:

«Ер кісі жұбайын төсегіне шақырғанда жұбайы барғысы келмей бас тартса, періштелер ол әйелге таң атқанға дейін лағынет айтады». Енді бір хадисте: «Шыбын жанымды уысында ұстаған Аллаға ант етейін, ері төсегіне шақырғанда әйелі келіспесе, күйеуі риза болғанға дейін Алла Тағала ол әйелге ренжиді» – делінген. «Мына үш адамның намаздары қабыл болмайды, жасаған жақсылықтары да көкке көтерілмейді: қожайынына қайта оралмайынша қашқан құлдың, мастығы тарқамайынша мас адамның, күйеуін қайта риза етпейінше ерінің ашуына тиген әйелдің», – деген хадис және бар.


Шаңырақтың шаттығы ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген көңілі мен өзара тіл табысуында жатыр. Екеуі бір-бірін бақытты ете алса, ешкім де сырттан бақыт іздемейді. Мұндай шаңырақта кісі үйіне асығып тұрады. Сондықтан да дінімізде әйелдің күйеуінің көңілін табуын басты міндеттерінің бірі саналып, кей жерде нәпіл құлшылықтардан да жоғары қойылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде:

«Күйеуі қасында болған әйел оның рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауына болмайды»[1], – деген. Әйелдің нәпіл ғибадат етемін деп күйеуіне көңіл бөлмеуі құптарлық іс емес. Күйеуінің келісімімен нәпіл құлшылықтарына уақыт таба білген де жақсы. Бірақ, отбасының бірлігін сақтау – әйелге нәпіл құлшылықтардан да жоғары міндет.


Әйелдің күйеуіне сүйкімді көрінуі де маңызды. Бұл міндет шариғатта әйел адамға уәжіп деп айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұсылман жақсы көреді, өзі де жақсы көріледі. Жақсы көрмеген және жақсы көрілмеген адамдарда қайыр жоқ»[2], – деп айтқан. Келесі хадисінде: «Жақсы көрген, жақсы көрілген және көп бала туатын әйелге үйленіңдер»[3] – деп, өз ұнамдылығын жоғалтпай, сүйкімділігін сақтай білетін әйелге үйленуді өсиет еткен.

Сүйкімді көрінудің жолдары – сәндену, жарасымды киім және тартымды қылықтар. Үйлі-жайлы болған әйел ендігі жерде күйеуі үшін сәнденуі тиіс. Әрине, Ислам дінінде әрбір мұсылманның өз-өзіне қарап, үсті-басын таза ұстап, ұқыпты жүруі талап етіледі. Бірақ, үйленгеннен кейін әйел адамға осыған қоса күйеуінің алдында да әрдайым тартымды болуы міндет ретінде жүктеледі. Сәндену әйел адамның ажарына ажар қосатын мүмкіншілік. Әйел адам күйеуіне тартымды болып көріне білсе, арасындағы махаббаттың да арта түсері шындық. Олай болса, әйел адам күйеуі үйіне келерде үсті-басын түзеп, әшекейлерін тағып, сәнденіп қарсы алғаны жөн. Өкінішке орай, қоғамымызда сырт көзге сұлу болып көріну түсінігі әбден санаға сіңіп кеткені соншалық, әйелдердің дені көшеге шыққанда барынша жарасымды болып көрінуге құмар. Жұртпен кездесерде барынша сәнденіп, әдемі көйлектерін киіп, әшекейлерін тағатын әйелдер, үйге келген бетте олардың бәрін ысырып тастап, күйеуінің алдында қалай-болса солай киініп, қадірін түсіріп жатады. Бұл да қоғамның қаны сорғалап тұрған мәселелерінің бірі. Араб ойшылы Әбул-Фәраж осы жайында былай деген екен: «Әйел адам үсті-басының жарасымдылығымен, сұлулығымен қоса, әрдайым таза және сәнді болуы керек. Сонда күйеуінің көңілін жаулайды. Оның талғамына сай әшекейлер тағып, әртүрлі киімдер киіп, боянуы керек. Күйеуі байқап қалып, жиіркенішін ояндыратын, көңілін суытатын кірлер, қоңсы иістер және жанды тіксіндіретін нәрселерді үстінен тазалауы және бұған жол бермеуі керек. Тазалыққа мән бермейтін, сәнденбеген әйел күйеуінің басқа әйелдерге көз тігуінің себебін өзінен де іздегені абзал. Егер қандай да бір әйел күйеуін осы себепті уысынан шығарып алса, бұған өзі кінәлі».+


«Қыз қылығымен сұлу» деп дана халқымыз айтқандай, төмен етектінің сұлулығына көрік қосатын нәрсе – тәтті де, назды қылығы. Бұны да ескерген мұсылман ғұламалары әйел адам күйеуін қылығымен жаулап, сүйкімділігін арттыруы тиіс дейді. Сонымен қатар дауыс мәнеріне де осы тұрғыда көңіл бөлуі керек. Себебі дауыс та Хауа ананың қыздары үшін берілген бір сұлулық іспетті. Алла Тағала әйел затына жіңішке де, жұмсақ үн берген. Осы дауысы арқылы олар нәзіктігін паш етіп, ер азаматты өзіне қарата алады. Тағы қайталап айтамыз, әйел адам бұған тек күйеуіне ұнамды көріну үшін ғана баруы тиіс. Аллаһ тағаланың берген сұлулығы арқылы күйеуіне сүйкімділігі артып, екеуінің арасындағы баянды махаббаттың отын лаулатуы керек. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жоғарыдағы айтылған қасиеттер жайлы былай деген: «Әсіресе күйеулеріңізбен өте тартымды, жағымды дауыспен сөйлесіп, сүйкімді болу үшін қалаған сыпайылықты көрсете аласыңдар. Бірақ, бөтен еркекпен сөйлескенде қарапайым жай дауыспен қысқа да нұсқа сөйлесіңдер».

Жоғарыда аталғандар – Ислам құқығында айтылған мәселелер. Осыған орай ғұламалар әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Төсекте өзін күйеуіне ұсыну, күйеуі жоқта ар-намысын сақтап, көзіне шөп салмау, хош иісті болу (тазалыққа мән беру), күйеуі үйінде болған кезде сәндену әйелге уәжіп. Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс».


muslim.kz

 




Көрілген: 4134    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 28.02.2017, 17:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Наурыз, 13:36
    ИЕСІН АЗА ТҰТҚАН АТ
    20 Наурыз, 13:12
    Қонаққа бару әдебі
    16 Наурыз, 16:58
    Дем салдыру дұрыс па?
    4 Наурыз, 15:47
    СЫРТҚАТ ТА СЫНАҚ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31