Әйеліңді қызғану дұрыс па, бұрыс па?

Әйеліңді қызғану дұрыс па, бұрыс па?

Адам бойындағы табиғи сезімдердің бірі – қызғаныш. Бұл – әрі қымбат, әрі қиын сезім. Қыз бен жігіттің, ері мен әйелінің бір-бірін қызғануы табиғи. Жақсы көру сезімінің қызғанышсыз болуы мүмкін емес. В.Даль мен С.Ожеговтың сөздіктерінде «Қызғаныш – жақсы көретін адамыңңың адалдығына, сүйіспеншілігіне деген азапты да соқыр күдік» делінген. Бәлкім бұл өте бір сәтті анықтама да емес шығар. Бірақ ақиқаттан онша да алыс емес сияқты.

Қызғаныш – лап етіп, тез тұтанатын, адамның бойын лезде билейтін сезім. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Әйелін қызғанбайтын еркек менін үмбетімнен емес» деген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Алла Тағала қиямет күні үш кісіге қарамайды. Олар: Ата-анасын ренжітіп теріс бата алғандар, өздерін еркекше ұстайтын еркекшора әйелдер мен өздерін қатын сияқты ұстайтын еркектер, әйелін қызғанбайтын еркектер» деген. Теріс салдарсыз қызғаныш жұбайларды жақындастырады. «Мені жақсы көреді екен-ау, жақсы көрген соң қызғанады ғой» деген ой көңіл түкпірінен ризашылық туғызады. Ал тежеусіз, соқыр қызғаныш тіршілікті тамұққа айналдырады. Көлеңкеден қызғану, жөнсіз тиісу, көрінгенге телу, қол жұмсау сүйіспеншілікті солдырады, жүректі тондырады, сезімді жуғызады, өшпенділік туғызады. Қызғанышты тежеп отырмаса ол көзсіз әрекеттерге ұрындыруы мүмкін.

Қызғаныш сезімі жан-жануарларда да болады. Еркегі ұрғашысын, ұрғашысы төлін қызғанады. Оның ар жағында өзіне тәндік сезім мен қамқорлық жатады.

Ал адамның қызғанышына адам сияқты тәрбие керек. Сезімнің әдемі гүл тәрізді қызғанышы төңірегін жаралап бітетін темір тікенекке айналмауға тиіс. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі қызғануы – отбасылық проблемалардың ішіндегі ен күрделісі. Өйткені көптеген дау-дамай тап осы қызғаныштан туындайды. Ерлі-зайыптылардың арасында тұрмыстық құпия болмауға тиісті. Ашық, ізгі қарым-қатынас, қалтқысыз қамқорлық, ықылас пен ниет жүректерде бір-біріне деген сенім ұялатады. Сенім қалыптаспаған жерде күдік тұрады. Күдік – адамның ішкі дүниесін қоймай кеміретін жегі құрт.

Қазақта «Сұлу әйелдің күйеуі – күзетші» деген мақал бар. Күйеуі әйелінің, әйелі күйеуінін басқан ізін аңдып тіршілік ететіндер қаншама. Сенім болмаса күдік өршиді. Күдік қызғанышты тербетеді. Қызғаныш – санаңды билер у, тіршілігінді талқандар тасқын. Ол биіктен басталған селдей жолындағының бәрін жайпап өтеді. Оның орнында тек қайғы-қасірет қана қалады. Күдік негізінде ғана әйелге қол жұмсап, тілін шығаруға, ашындыруға болмайды. Күнәсіз әйелге жала жабу – барып тұрған үлкен күнәлардың бірі. Үнемі имандылық қағидаларына үйретіп отыратын, жарына үлкен құрметпен қарайтын жігіттердің әйелдері суық жүріске бармайды. Олар асылын арзанға айырбастамайды.

Иманды әйел – сенімнің көзі. Әйелді қызғанышпен қол жұмсап тәрбиелеу мүмкін емес. Ол ерегіс туғызады. Ерегіс тап сондай қадамдарға итермелейді. Абзалы өзі бас болып келіншегі екеуі бірдей иманға жүгінуі. Шынайы сенімге сонда ғана селкеу түспейді.

Ал ерінің көзіне шөп салғаны анық болса ондай әйелмен дереу ажырасқан жөн. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің бірінде «Сұйық жүрісті әйелі бола тұра оны талақ етпеген кісінің Алла Тағала алдында тілегі қабыл болмайды» делінген. Ал ешбір негізсіз тек қызғанышпен ғана тағдырын ойыншыққа айналдыру дұрыс емес. Бір-біріне ғашық болып қосылған қаншама жұбайлар сол қызғаныштың кесірінен армандарынан ажырап қалады. Сондықтан күдік туғызбайтындай күн кешу ләзім. Күдік тумау үшін құпия жүріс болмауы шарт. Ерлі-зайыптылар өзара сенімді қарым-қатынас орната білгендері жөн. Қызғаныштың емі – ақыл мен сабыр. Басты дауасы – имандылық. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста