Ислам діні

Азаматтық некенің зардаптары

  • © ihsan.kz

    © ihsan.kz

Неке - араб тілінің никах деген сөзінен шыққан. Шариғаттағы мағынасы: үйлену,отбасы болу және шаңырақ көтеру деген мағынаны білдіреді.Асыл дініміз Исламдағы некенің үкімі бекітілген сүннет болып табылады.Осы неке арқылы адам баласы өзіне рұқсат емес нәрсені халал етіп алады.Некенің артықшылығы мен қасиеттері айқындайтын жолдары жетерлік.


Алла Елшісі ( с.ғ.с) Имам Бұхариде келген бір хадисінде: « Уа жастар! Кімде-кімнің үйленуге жағдайы болса, үйленсін. Бұл оның көзін күнәдан сақтайды және жыныс мүшелерін қорғайды. Ал кім үйлене алмаса, ораза ұстасын, бұл оның қорғанысы»-деген.


Демек үйленуге шамасы келген адам шаңырық көтеріп өзінің жартысын бүтіндесін.Осы қуаныш тек адал жолмен яғни шариғаттың шеңберінде ғана көпшілікке жария етіліп және ата –анасының разылығымен іске асады. Неке мәңгілікке және ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірдегі өзара қарым-қатынасындағы жауапкершіліктерін сезіне отырып, Ислам іліміне сәйкес екі жақтық келісіммен құрылуы тиіс. Екеуі де Алла алдындағы міндеттері мен бір-бірінің алдындағы жауапкершіліктерін білулері керек.


Исламдағы некенің қасиеті – бұл ерлі-зайыптылардың өзара мейірімділігі, махаббаты, сыйластықтары және мұнда отбасылық зорлық-зомбылыққа, жұбайының құқығын қорлауға орын жоқ. Ислам шариғаты Құран мен Пайғамбарымыздың сүннетіне негізделген. Соның ішінде отбасын құру мен онымен қатысты нәрсенің бәрі де Алланың бұйрығы мен Пайғамбардың (с.ғ.с) көрсеткен үлгісіне негізделеді.


Қазіргі таңда жастарымыздың отбасын құрудағы салғырттығының себебінен түрлі келеңсіздіктер белең алуда. Бірін бірі таныған екі жастың рухани құндылықтан алыстап неке мәселесіне баса назар аудармай азаматтық некеде болуы күрделі жағдайлардың бірі болып отыр. Тіпті бұны жұқпалы дерт десекте артық айтқан болмаймыз. Соның салдарынан қоғамда ислам дініне деген теріс көзқарастар туып жатыр.


Азаматтық неке деп қыз бен жігіттің ерікті түрде бір-біріне лайықты екендігін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, тума-туыстарына хабар бермей бірнеше ай немесе бірнеше жыл бірге тұруын айтады. Кейбіреулер оны «еркін махббат» немесе «іш жүзіндегі неке» деп те атайды. Азаматтық неке шариғатта некесіздікке жатады. Азаматтық зина деп те атауға болады. Себебі азамттық некеде неке қиылмайды. Үлкен күнә болып саналатын зинаны осылайша «ерлі-зайыпты болуға дайындық» деген желеумен өздерінше адал көреді.


Харамды қанша адал көрсеңде, ол адал болып кетпейді. Шариғи тұрғыдан азамттық некенің мынандай зияндары бар. Олар:


Азаматтық неке зинаға жатады. Ал зина шариғатта үлкен күнә болып есептеледі. Алла Құран КәрімдеИсра сүресінің 32-аятында былай дейді: «Зинаға жоламандар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол» .

Азаматтық некеде өмірге некесіз ұрпақ дүниеге келеді. Яғни, әлгі күнәні жасап жүргендер бір-бірімізге лайық емес екенбіз деген шешімге келсе, әрі әйелдің аяғы ауыр болып бала дүниеге келсе зинақордың баласы және әкесіз тірі жетім болып өтеді.

Дүниеге келген сәби әкенің баласы болып есептелмейді. Зинақор әйелдің баласы болып саналады.Сәбиді туған анасы жаман жүрісті әйел, ойнас деген лақапқа ие болады.

Отбасылық жауапкершіліктің жоқтығы. Негізінде ер азаматқа отбасын адал табыспен бағу , қамқор болу міндеті жүктеледі. Ал ұл-қыздың тәрбиесі, үй шаруашылығы әйелдің еншісінде. Ал, азаматтық некеде мұндай жауапкершіліктің иісі де жоқ. Олар бар болғаны бір-бірін сынау мақсатымен бір шаңырақтың астында есеппен өмір сүреді.

Жетесіз нәсілдің қалыптасуына септігін тигізеді. Себебі қазақ жұрты өзінің тегін, ұлтын білмейтін ұрпақты жеті атасын білмегенді «жетесіз» деп атаған.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер азаматтық некенің шариғи үкімінің харам екендігін көрсетеді.


Азаматтық некенің тартқызар қасіреті ауыр. Нақты мысалдарға жүгініп, оның зардабын өлшеп көрелік.


Біріншіден, бұл – неке деп атауға тұрмайтын жауапкершілік арқалаудан жүрексінетін екеудің ермегі.


Екіншіден, мұндау одақта қанша уақыт тұрса да, әйел өзін толыққанды құқылы сезіне алмайды. Ал еркек үшін еркіндік болып табылады. Бұл аталған фактор түрлі күш қолдану, тіпті қылмыстақ оқиғалардың алғышарты болуы мүмкін.


Үшіншіден, сынаққа сылтау табылса, өз жөніне тауып тұратын екеу үшін отбасы құндылықтары, салт-дәстүр «түкке тұрғысыз» болғандықтан, олардың құрған одағында да ешқандай моральдық құндылық болмайды.


Төртіншіден, екеуара жауапкершіліктен, рухани құндылықтан шет одақтан туған баланың болашағы бұлыңғыр болады. Оған өмір-бақи «некесіз туылған» деген есім жабысып өтеді.


Некесі қиылғанша қыздың қолынан ұстамайтын қазақ баласы ол тектілігінен, қазақылығынан ажырап бара жатқаны ащы шындық. Алла Тағала Құран Кәрімде: Нұр сүресінің 33 аятында: «Үйлене алмағандар Алла Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, (күнәлі істерден) өздерін таза ұстасын...» -деген. Демек үйленуге шамасы жоқ адам отбасын құрғанша күнәлі істерден яғни зина және оған апаратын барлық арсыз істерден өзін аулақ ұстауы керек.


Қазіргі таңда елімізде азаматтық некеге заң бойынша толық тиым салынбаған. Дегенменде азаматтық неке адамзатты екі өмірдеде бақытсыздыққа душар етеді. Сондықтан Ислами тәрбиені, рухани құныдылықтарды, қазақи дәстүрді сіңіріп өскен жастарымыз осындай азғындықтан бойларын ұзақ ұстанса екен деген тілек білдіреміз.


Қарағанды қалалық Әл-Мәшәни мешітінің ұстазы Амангелді Асқаров

 




Көрілген: 934    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.04.2018, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30