Бақытты болуымызға кедергі келтіретін 12 нәрсе

Бақытты болуымызға кедергі келтіретін 12 нәрсе

«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (16:97).

Бұл фәни дүниеде Алланың бізге нәсіп еткен сыйын «жақсы өмір» деп айтамыз. «Жақсы өмір» дегеніміз не?. Жақсы өмірдің барлық саласында тыныштық сезімі болады. Әли ибн Әбу Талиб бұл сезімді қанағаттану деп түсіндірген. Ибн Аббас, Икрим және Уахба бина Мунабих та осындай пікірді ұстанған. Әли бин Әбу Талха Ибн Аббастан мұның бақытты білдіретінін естіген.

Өзіңізді бақыттыдан гөрі бақытсызбын деп айтуыңыз мүмкін. Мұның себебін білесіз бе? Қане, өз бақытыңызға қол жеткізуіңізге кедергі келтіретін 12 нәрсені қарастырып көрейік.

1. Барлық нәрсені өз бақылауыңызда ұстауға тырыспаңыз.

Сіз үнемі баса көктеп, жағдайды бақылауда ұстауға тырысасыз, ал егер сәтсіздікке душар болсаңыз, қапаланасыз. Алланың бір есімі - әл-Уакил, яғни, «Жебеуші» деген мағынаны білдіреді. Алла – қамқоршы, жебеушілердің ең жақсысы. Өз ісіңізді Аллаға тапсырыңыз, Ол сізге ең үздік нәтижені кепіл етеді.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт» (73:9).

Аллаға сенім білдіру құлшылық түрі бола тұра сізге тыныштық сыйлайды.

2. Наразылық танытпаңыз

Сауда тым қымбатқа түсті. Ауа райы өте ыстық. Балалар үнемі шаршатады. Осы бір таусылып-бітпейтін наразылықтардың сізге көмектескен кезі болды ма? Үнемі наразылық таныта берсеңіз сіздің жағдайыңыз нашарлай береді.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Өзіңізден жоғары дәрежеде емес, төмен дәрежеде тұрғандарға қараңыздар, сонда ғана сіз Алланың сізге нәсіп еткен нығметтерін көре аласыз» (Мүслим).

Дұрыс ойлаудың құдіреті мықты! Сіз раушан гүлінің тікенегі бар деп наразылық таныта аласыз немесе тікенекте раушан гүлі бар деп қуана аласыз. Таңдау сіздің қалауыңызда.

3. Үнемі дұрыс болуға тырыспаңыз

Тіпті дәлелдеріңіз таусылып бара жатса да сіз өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге тырысасыз ба? Онда сіз эгоның жетегінде кеткеніңіз. Сізге дұрыстығыңыз маңызды ма әлде жақсы болғаныңыз ба?

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Алла өзінікі дұрыс болып тұрса да дау-жанжалды тастаған адамға Жұмақтан үй тұрғызуға кепілдік беремін деген» (Әбу Дәуд).

Біреуді кекеп-сынағандағы сіздің шынайы ниетіңіз қандай? Мұны Алла үшін жасайсыз ба әлде өзіңізді таныту үшін жасайсыз ба? Мәселе осында.

«Исламға қатысты ауырлатпай, жеңілдетіңдер, қапаландырмай, қуантыңдар» (әл-Бұхари).

5. Өз-өзіңізді төмен бағалаудан құтылыңыз

Өз-өзін төмен бағалау расымен де адамдарды жақсартуға көп кедергі келтіреді. Аллаға иман келтіру және жақсы амалдар бізді жаратылғандардың жақсысы етеді. Сондықтан құрдымға кетірер жаман ойлардан тезірек құтылыңыз, сіз расымен де бұдан жақсысыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені Алла солай айтқан!

«Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы» (98:7).

6. Кінә тақпаңыз

«Мен кінәлы емеспін». «Кінәлы басқа біреу». «Қазір уақыт осындай». Байқайсыз ба, өз сәтсіздіктеріңіз үшін көбіне сіз басқа адамдарды немесе жағдайды кінәлап жатасыз?

Басқа адамдардың сіздің көңіл-күйіңізді басқарып, жеке бақытыңызға ие болуына мұршат бермеңіз! Жауапкершілікті өз қолыңызға алар кез келді.

«Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес» (41:46).

7. Біреуге жақсы әсер қалдыруға тырыспаңыз

Шынайы болыңыз. Шексіз түрде бет перде киіп жүру адамды қатты есеңгіретіп тастайды. Осы өмірде, ақирет өмірінде сізді бақытқа кенелтіп, құтқаратын Аллаға ғана жақсы көрінуге тырысыңыз!

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім ғалымдармен көрші болуға, ақымақтармен сөз таластыру арқылы адамдарға жақсы әсер қалдырғысы келетін болса, оны Алла Тозақ Отына салады» (имам ат-Тирмизи).

8. Құштар болмаңыз

Құштар болу көбіне қорқыныш сезімінен болып жатады. Сүйіспеншілік пен құштарлық – екі түрлі нәрсе. Сіз бір адамды немесе әлдебір нысанды жақсы көруіңіз мүмкін, бірақ оны жоғалтып алғанда құлазып қалмайтындай, оған құштар болмауыңыз керек. Өзіміз жете түсінбей бұл баянсыз дүниеге, адамдарға, нәрселерге және әлдебір жерлерге құштар болып жатамыз.

«Уа, адамдар! Кімде-кім Мұхаммедке сиынса, білсін, Мұхаммед өлді. Ал кімде-кім Аллаға сиынса, білсін, Алла – Тірі, өлмейді» (Әбу Бәкір).

 

9. Ақталмаңыз

Жиі ақталатын адамдардың басым көпшілігі көбінше сәтсіздікке ұшырап жатады. «Құран оқуға мен өте кәрімін». «Намаз оқып, ораза ұстауға мен әлі сондай жаспын». Сіздің осындай ақталуыңыз өз сәттілігіңізге кесе көлденең болады!

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Өз қылықтарын өздерінің алдында ақтап бастамай, адамзат құрымайды».

 

10. Өткенмен өмір сүрмеңіз

Өзіңізге бақытты болар кез келді деп айтыңыз. Өмірімізде күнделікті болып жатқан дүниелердің бәрі кездейсоқ емес. Өмір сүруді қазірден бастаңыз.

«Ешбір кінәлік сезім өткенді өзгертпейтініндей, еш алаңдаушылық келешекті өзгерте алмайды. Өзіңе сондай қатал болма, өйткені істің соңы тек Алладан» (Омар бин әл-Хаттаб).

11. Қорқыныштарыңызды жайына қалдырыңыз

«Мен кедей болып қалсам ше? Науқастанып қалсам ше? Ал егер мен әйелімнен айырылып қалсам ше?»

Қорқыныш – тек иллюзия ғана. Өз қорқынышыңыздан құтылып, тек Алладан ғана қорқатын болғанда ғана сіз өзіңізді анағұрлым бақытты сезінетін боласыз!

Алла Тағала былай айтқан: «Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар» (3:175).

12. Бөтендердің үмітін ақтамаңыз

Бөтен біреулер сіз туралы не деп ойлап қалады деп үнемі алаңдап жүресіз бе? Басқа адамдардың пікірінен қауіптену – расымен де сіздің бақытыңызға кедергі келтіреді.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер кімде-кім адамдардың ашуына қарамастан, Алланың разылығын іздесе, онда Алла оны Өз разылығына бөлейді әрі адамдардың қанағаттануын сыйлайды. Ал егер кімде-кім Алланың ашуына қарамастан адамдардың разылығын алғысы келсе, онда Алла оған Өз ашуын және адамдардың ашуын қарсы қояды» (Тирмизи).
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста