Ислам діні

Бала болашағы үшін әр ата-ана жасай алатын үлкен жақсылық

  • Бала болашағы үшін әр ата-ана жасай алатын үлкен жақсылық

    Бала болашағы үшін әр ата-ана жасай алатын үлкен жақсылық

Бала болашағы үшін әр ата-ана жасай алатын үлкен жақсылық



 Гүлжан ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ


Ораторлық курстағы бағдарламама Жеті ата туралы арнайы бір сабақ енгізген едім. Қазақ тілі мен əдебиеті пəні бойынша 26 жылдық тəжірибесі бар педагог-психолог Назым Ділтайқызы кезекті бір семинарында бұл тақырыптың өзектілігін түсіндірген-ді. Балалар жеті атасының атын атап, олардың жақсы қасиеттеріне, үлгілі істері мен айтқан жақсы сөздеріне зерттеу жасауы керек. Басты мақсат - балаға арғы аталарының тұлғалық қасиеттерін айтқыза отырып, оның өзіне сол тектілігін сезіндіру, бұл тамаша қасиеттер сенің қаныңда да бар дегенді түсіндіру, жігерлендіру. Бірақ мен топтағы екі балаға бола бұл сабақты өте алмадым. Бұл  балалардың көкейінде көп ауыр сұрақ туғыза ма деп қорықтым. Өйткені, олар екі жасынан бері жалғызбасты анасының қамқорлығында, əкелері бар, бірақ араласпайды /анасының айтуы/. Ұларбек көкенің жазғанындай "Келіншектің балалары еді" https://egemen.kz/article/162553-kelinshektinh-balasy-ballada.


***


Студент кезде жақсы араласқан бір құрбым бар еді. Оқу бітіргелі жан-жаққа тарадық, көріспегелі неше жыл. Жақында ғана əлеуметтік желіде көріп қалып, мессенжермен шүйіркелесіп қалдық. Үш баласы бар екен, бірақ дəм-тұзы жараспай заңды түрде ажырасқанына бір жыл болыпты. Баласының алды мектепке барады. Сөйтсе ұлы келіп анасына "Мама, екеуміз саусағымызбен "су-ли-фа" ойнайықшы. Егер сіз ұтылсаңыз бəріміз əкеміздің үйіне барамыз!" - деп өтініпті.


Əке мен ананы бір үйден көргісі келген баланың сөзін естіп, көңілім құлазыды... . Еркекке бір əйел табылар, əйелге бір жігіт жолығар. Ал балаға кім туған əке-шешедей бола алады?!


***


Біріншіде оқитын қызым Кəусарды мектебінен алып қайтқан сайын көңілім бір құлазып қалады. Оның сыныбындағы Мəдина бізге көрші болғандықтан үй жаққа бірге келеміз. Күздігүні уатсаптағы ата-аналар чатында Мəдинаның əкесі "Менің қызыма үйге өзі жеткенше көз қырын сала жүресіздер ме?" деген өтінішін күнде жазып, еске салатын. Сол күннен бастап көзі күлімдеген сүйкімді қызды қолынан жетектеп үйінің алдына дейін əкеліп жүрдім. Кəусар да, Мəдина да ойын баласы ғой, сөмкелерін маған береді де қуаласпақ ойнап жүгіріп кетеді, мен оларға ілесе алмай, ауламызға қалай тез жеткенімізді білмей де қаламыз.


Негізі  Мəдинаның үлкендердің қамқорлығынсыз үйге  үнемі бір өзі қайтатынына алғашында аса мəн бермегенмін. Бір күні "Мəдина, сенің мамаң қайда?" деп сұрадым. Оның анасы күні бойы жұмыста шығар деген ойда едім. "Мамам басқа қалада" деді. Əлдебір шаруамен жүрген шығар дедім де қоя салдым. Бір күні ол қыздың  əкесі уатсапта баласын үнемі үйіне дейін жеткізіп салатыным үшін рақметін айтып хат жазыпты. Хаттың соңғы жағы ұнамады. "Мəдинаның анасы басқа қалада тұрады. Алты айлығында ажырасып кеткенбіз. Мəдинаны бір өзім өсіріп жатырмын. Бірақ өзім күндіз үнемі жұмыстамын.."


Сол күннен кейін ол кісі ортақ чатта өтініш жазбайтын болды. Мүмкін, жағдайды ашық түсіндірдім, енді үнемі қызымды үйге жеткізіп салады деп ойлаған шығар. Айтқым келгені, көкейімде көп сұрақ қалып қойды... Желкілдеп өсіп келе жатқан қыз баланың жанына кім үңіледі? Үйдегі өз қыздарымның "Анашым, анау не? Мынау неге бұлай?" деп ешқашан таусылып бітпейтін сұрағы да, арманы да көп. Ал Мəдина тəтті армандарын кіммен бөліседі? Оның таусылмайтын сұрағының мазмұны да тіпті басқа шығар?!


Міне, қазір бірінші сыныптың үшінші тоқсан оқуы жүріп жатыр. Мəдинаны көрген сайын үйіне жетем дегенше қат-қабат оймен арпалысамын. Жүрегім қанша езіліп тұрса да ол қыздың алдында мейірімді, қамқор болып көрінгім келмеді. АНАлық ыстық махаббат - мейірімімді көрсетсем, өз анасына сағынышы, аналық мейірге аңсары үдей түсе ме деп те өзімді барынша байсалды ұстаймын...


Тағдыр жазуымен дəм-тұзы жараспағандарды сөкпеймін, өмірін талқыламаймын да!


Бірақ баланың болашағы үшін жасай алған үлкен жақсылығымыз оларды ерте жастан түрлі курстар мен үйірмеге жетектеп апарумен өлшенбейді.  Бала үшін өте маңызды, бірақ мың білікті маман біріксе де жасай алмайтын мықты дəрумен бар. Ол - əке мен шешенің татулығы, өзара сыйластығы.


islam.kz






Көрілген: 913    Пікірлер: 0

сенбі, 24.02.2018, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30