Ислам діні

Бас мүфти жол-көлік апатында ажал құшқан азаматтарға арнайы дұға жасады (фото)

  • Бас мүфти жол-көлік апатында ажал құшқан азаматтарға арнайы дұға жасады (фото)

    Бас мүфти жол-көлік апатында ажал құшқан азаматтарға арнайы дұға жасады (фото)

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы қаласына іс сапары барысында Орталық мешітте жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты.

Бас мүфти «Дүние – ақырет егістігі» тақырыбындағы салиқалы уағызында дін мен дүние ісін байланыстыра білу, дүние мен ақыреттің жаратылу мақсаты, оның сыр-сипаты, адамның рухани жетілуіне қатысты тағылымды дәріс айтты.

«Мұсылман баласы – барлық амалында таразы басын тең ұстап, Аллалық өлшеммен жүреді. Сондықтан да барлық асыра сілтеуден немесе бейғамдықтың кесір-кесапатынан өзін үнемі сақтауы қажет. Жалған дүниеге қонақ ретінде, ақыретке мәңгілік тұрғын ретінде мән беру, шынайы өлшемнің көрінісі. Бұл туралы Құранда былай делінген: «Алланың саған бергенінен (Оның жолында жұмсап) ақыреттің қамын жаса, бірақ фәни дүниеден де нәсібіңді ұмытпа», – деп барша адамзатқа ізгі тәлім беруде. Ақыреттік жақсылыққа тек осы дүние арқылы, осы өмірдегі амалдарымызбен ғана қол жеткізе аламыз. Себебі, бойымыздағы ізгі қасиеттер мен сана-сезім, рухани танымымыздың кемелденуі осы жерде қанат жайып өркендейді. Жаратушының шексіз нығметтеріне де осы дүниедегі амал, ниетіміз арқылы ғана лайық бола аламыз. Сондықтан екі дүниенің де өлшемін тең ұстап, ғұмыр кешу Алланың әмірі»,- деп жиналған қауымға егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз. 

Жұма намазынан соң Бас мүфти Ақтөбе облысында автобуста ажал құшып, денесі өрт шалған азаматтарға арнайы дұға жасап, еліміздің амандығын тіледі.  




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.01.2018, 20:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30