Ислам діні

Басқа сектаға кірген мұсылманның жаназасы оқыла ма?

  • Басқа сектаға кірген мұсылманның жаназасы оқыла ма?

    Басқа сектаға кірген мұсылманның жаназасы оқыла ма?

Ассаламалейкум! Басқа сектаға кірген адамның жаназасы оқыла ма?

Уағалейкумассалам!


Егер де бір мұсылманның жақыны басқа дінге кіріп дүние салғаны белгілі болса, сектаға кірген жақынын мұсылманша жуындырып, кебіндемейді, жаназасы оқылмайды. Артынан сауап амалдар да бағышталмайды. Себебі, ол пенде бұндай амалдарға лайықты болып саналмайды. Өзінің киген киіміне орап, бөлек жерлейді. Яғни, мұсылмандардың зиратына қойылмайды. Жерлегенде де мұсылманша ақым қазылмайды. Шұңқырға тастаумен шектеледі.+


Мұсылман жақындарының бұлай жасауы - жақындық міндеті, бәлки адамдық міндеті. Топыраққа көму қажеттігі - имансыз өткен мәйіттің сүйегі ит-құсқа жем болмас үшін, қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін жасалады.[1] Немесе өзге дін өкілдеріне мәйітін тапсырады. Басқа мұсылмандар ол пенденің имансыз, басқа дінге кіріп, кейін сол күйінде қайтыс болғанын білсе қазасына қатыспайды.

Өйткені, Алла Тағала мұсылмандарды бұл амалдан қатаң түрде қайтарып, Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Олардың мәңгілікке (зиян шегіп) өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма. Расында, олар Алланы да, пайғамбарын да мойындамай күпірлік қылды әрі тура жолдан тайған азғын күйінде өлді», - дейді («Тәуба» сүресі, 84-аят).

Алла Тағала барша мұсылман отбасын бұндай бақытсыздықтан сақтасын!

Мұқанов Асқар


[1] « Ихтияр» ханафи мазһабы фиқһы кітабы, жаназа тақырыбы 144-бет 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Маусым, 14:55
    Айттық деген не?
    22 Маусым, 10:41
    Ыстықтағы ораза
    7 Маусым, 16:22
    Оразаның 14 пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30