Бай болу мен кедейліктің нығметі

Бай болу мен кедейліктің нығметі

Адам баласының өмірдегі арманы біткен ба? Әркім алдына мақсат қойып, неше түрлі нәрсені армандайды. Біреу мансапқа жетсем деп армандаса, басқа біреу атақ-даңқты арман етеді. Көп арманның ішіндегі, әркімнің қол жеткізсем немесе құтылсам деп аңсаған екі нәрсе бар. Олар, байлыққа жету мен кедейліктің шеңберінен шығу. Білген мұсылман баласына осы екеуінде де хайыр-жақсылық бар. Өмірдің қадіріне жете алмасаң бай болсаң да, кедей болсаң да бақытсыз боласың. Сол екеуін де Алладан келген сынақ және тағдыр деп түсінген адамға екеуіде жақсылыққа айналады. Жүрегімізде байлыққа деген махабат пен кедейлікке деген қорқыныш орын алса, келген қасірет сол болмақ.

Ал керісінше, байлықты Алла құлшылық қылу үшін берген бір асбаб ретінде білген адам өмірдің мәні мен мағынасын түсінген іспеттес болады. Кедейлікті Алладан келген сый деп білу жәннәттан орын алу іспеттес. Өйткені Алланың елшісі (с.а.у.) хадисінде: «Бұл үмбеттің ең хайырлылары кедейлер», - деген. Әнәс бин Мәлік (р.а.) жеткізген хадисте Алланың елшісі (с.а.у.) былай деп сүйіншілеген: (Бір топ кедей адамдар пайғамбарымызға (с.а.у.) араларынан бір адамды елші қылып жібереді. Ол кісі келіп: "Мен кедейлерден келген елшімін", - дейді. Оған пайғамбарымыз (с.а.у.): "Саған және сені жібергендерге Алланың мархаматы болсын! Алла жақсы көретін қауымнан келдің", - дейді. Сонда келген кісі: "Уа, Алланың елшісі! Байлар барлық хайыр жақсылықтың сауабын алуда. Қажылық қылады, біз оны істей алмаймыз. Садақа етіп сауап алуда, бізде ондай ақша жоқ", - дейді.

Алланың елшісі (с.а.у.) бұл сөзге былай жауап қайтарады: "Кедейлерге менен мынаны жеткіз. Егер сабырлы болып, жақсылықты Алладан күтсе, сендерге байларға берілмейтін үш жақсылық бар: біріншісі, Жәннәтта жақұттан оларға үй салынады. Ол үйге тек кедей нәбилер мен кедей шейіттер және кедей мүминдер ғана кіреді. Басқа жәннәт тұрғындары оларға адамдар жұлдыздарға қарап тұрғандай қарайды. Екіншісі, кедейлер байлардан жәннәтқа жарты күн бұрын кіреді. Ол жарты күн бес жүз мың жылға татиды. Сүлеймен бин Дәуід (ғ.с.) басқа пайғамбарлардан (ғ.с.) қырық жыл кейін кіреді. Алла оған берген патшалығының себебінен.Үшіншісі, егер кедей шын ықыласымен: "Субхана Алла, уал Хамдулилә, уа Лә иләһә илла Алла, уа Аллаһу Акбар десе, бұны байда дәл солай шын ықыласымен айтса, бай кедейге берілетін сауапқа жету үшін он мың дирһам төлеуі керек. Міне, осылай барлық жақсы амалдарда болады. Алла елшісінің (с.а.у.) бұл сөзін естіген кедейлер: "Уа Рабым ризамыз, Уа Рабым ризамыз", - деген екен.

Ислам ғалымдары кедейге берілген бес керемет бар дейді:

 

Біріншісі: Намаз бен садақа және осы сияқты жақсы амалдарда кедей бай адамнан гөрі көп сауап алады.

Екіншісі: Кедей бір нәрсені қалап, оны ала алмаса ол үшін де оған әжір-сауабы бар.

Үшіншісі: Жәннәтқа байлардан бұрын кіреді.

Төртінші: Ақыретте хисабтары байлардан аз болады.

Бесіншісі: Қияметте өкініштері аз болады. Байлар қияметте кедейлерге қарап сондай болсам деп армандайды. Кедейлер бай болмағанына өкінбейді.

Ибн Аббас (р.а.): "Кім байларға құрмет көрсетіп, кедейлерді менсінбесе малғұн", - деген.

Абу әл-Дардаа (р.а.) бір сөзінде былай дейді: "Бай болған буырларымызға жанымыз ашиды. Өйткені олар да тамақ жейді, біз де тамақ жейміз. Олар да сусын ішеді, біз де ішеміз. Олар да киінеді, біз де киінеміз. Олар өз байлықтарына қарап шаттанады, ол байлықты біз де көреміз. Бірақ олар байлықтары үшін есеп береді, біз есеп бермейміз".


Дүние, мал мен байлық біз ойлағандай тек жақсылық әкеліп қана қоймайды. Дүниенің қиыншылығы және машақаты бірге жүреді. Байдың да байы бар, кедейдің де кедейі бар. Яғни екеуінің де жақсы жағы мен жаман жағы бар. Егер кедейліктің жанында тәкәппарлық пен сабырсыздық болса, онда оның соңы өкініш болмақ. Алланың елшісі (с.а.у.) хадисінде: "Тәкаппар кедейге қияметте Алланың назары болмайды", - деген.

Кедей адам кішіпейіл және мейірімді болғанда ғана екі дүниенің рахатын таба алады. Ал енді байлықпен бірге ілесіп қанағатсыздық, сараңдық пен қатыгездік жүрсе, онда ол - кесапат. Ал байлықтың жанында дос болып қанағатшылдық пен мейірімділік және жомарттық қелсе, онда ол - нығмет. Бай болу жаман емес, дүние табу харам емес, егер ол байлығың Аллаға деген құлшылығыңа кедергі етпесе. Халқымыз: "Бір бай, бір ауылды асырыған", - дейтін. Бұл жәй сөз емес, іспен дәлеледенген нәрсе. Оған еліміздің барлық жеріндегі мешіттер мен медреселердің салынуы, сол мешіттер мен медресе және көптеген қайырымдылық қорлардағы істелінген қайырымдылық шаралардың жүзеге асырылуы дәлел бола алады. Осының бәріне мұрындық болып, мал мен байлығының зекеті мен садақасын шығарған бай азаматтар. Алла Тағала ондай жандардың жақсылықтарын екі дүниеде де еселейді. Ол жайында Құран Кәрімдегі Ләйіл сүресінің 5-6-7-ші аяттарында былай делінген: «(Алла жолында) қазына жұмсаған, діндарлық жасаған, жақсылыққа ден қойған адамдарға келсек, Біз олардың өмір жолын жеңілдетеміз (дұрыс бағытқа саламыз)». Алладан қорқып, малын Раббысына шүкір қылған құлдарыдай жөнімен жұмсаса (адалдан тауып, адалға жұмсаса), екі дүниенің рахатын табады. Бақара сүресінің 270-271-ші аяттарында: «(Алла үшін) Не нәрсе берсеңдер де, не бермек болсаңдар да Алла оны шын мәнініде біліп тұрады. Ал залымдарға еш қайыр жасамайды. Садақаны ашық бергендерің бір жақсылық (басқаларға үлгі боласыңдар), ал оны жасырын берсеңдер, әрі жоқ-жітікке берсеңдер, ол тіпті жақсы. Ол сендердің кейбір күнәларыңның алдын кеседі. Пенденің ісінен Алла қашанда хабардар».

Жомарттықпен сауабын тек Алладан күтіп, басқаларға жәрдемдесудің өзі түсінген адам үшін үлкен құлшылық. Алла Тағала - Мейірімді, мейірімді болғандарды жақсы көреді. Алла Өзі - аса Жомарт, жомарттарды жақсы көреді. Аллаға малымен, байлығымен құлшылық еткендерге ол дүниеде беретін нығметін адам баласы жеткізе алмас. Ол мысалдарды біз Құраннан ғана көре аламыз, Инсан сүресіне үңілсек: «Жақсылар (тостағандармен) кәфур қосылған (хош иісті су) сусын ішеді. Сол кәфур жәннәтта бұлақ болып ағып жатады. Одан ішетіндер Алланың сүйген құлдары және ол бұлақты (Алла) қайда болса да ағызып апарады ( 5.6). Олар өздері берген уәдені (бұлжытпай) орындайды әрі қиыншылығы қисапсыз қиямет күнінен қорқады (7). Міскінге, жетімге және тұтқынға ас береді (8). Біз сендерге бұл тағамды Тәңірдің ризалығы үшін береміз, бұл үшін сендерден бодау да, алғыс та тілемейміз – дейді (олар міскіндерге) (9). Өйткені біз Тәңір тарапынан болатын ауыр, қатал күннен қорқамыз (10). Алла оларды сол күннің тауқыметінен сақтайды. Олардың (жүздеріне) нұр, (жүректеріне) қуаныш береді (11). Төзімділіктері үшін оларға жәннат бақшаларын, жібек киімдер сыйлайды (12). Жәннатта олар орындықтарға сүйеніп отырады, ол жерде қатты ыстық та, суық та болмайды (13). Көлеңке бастарынан аумайды, жемістер қол жетер жерде өсіп тұрады (14). (Тағам толы) күміс табақтар, (сусын құйылған) күміс тостағандар жылжып келіп тұрады, бәрі қажеттеріне лайық дәрежеде болады» (15-16)-делінген.

Шындығына келсек кедей болу намыс емес, керісінше мұсылман болған кедейге Алланың рахметі мол. Ал бай болу қарғыс емес, керісінше жомарт болған байлардың екі дүниеде де алатын үлесі мол. Құранда Мәйдә сүресінде айтылғандай: «Аспан мен жерде және оның арасындағы мүліктің иесі Алла, нені қаласа соны жаратады». Алланың бергеніне шүкір ету, бермегеніне сабыр ету Алланың сүйікті бай және кедей құлдарының сипатынан.

Осы сипат бәрімізге жұғысты болсын! 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста