Ислам діні

Берген қарызының қайтару уақытын белгілеу күнә ма?

  • Берген қарызының қайтару уақытын белгілеу күнә ма?

    Берген қарызының қайтару уақытын белгілеу күнә ма?

Ассаламуғалайкум. Бір адамга белгілі бір мөлшерде еш қандай пайызсыз қарызга ақша берсем. Бірақ қарызды қайтару уақытын белгілесем. Сол уақытты белгілеу - пайыз болып санала ма? "Ағылшын тыңшысының мойындаулары" атты кітапта: "Ханафи мәзхабында қарыздың уақытын белгілеу, пайыз" деп айтқан екен. Осы меселе қалай болады? Есімбек.


Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһ уә бәракәтуһ!


Бұл мәселеде Ханафи мәзхабында екі түрлі тұжырым бар деуге болады. Ардақты ғалымдарымыздың көпшілігінің пікірінше: «қарыз берер кезде, қайтару уақытын белгілеу – дұрыс емес. Себебі, бұл - түбінде «несие пайызын» тудырады. Сондықтан да, ондай талап негізсіз деп танылған[1].


Екінші тұжырым бойынша, уақыт белгілеуге болады, алайда, қарыз беруші бастапқыда айтылған уақытты күтуге міндетті емес. Кез-келген уақытта берген қарызын талап етуіне құқылы[2].


Бұл айтылғандар - ақшалай берілген қарызға қатысты. Ал, әлдебір тауарды қарызға сатқан болса, алған тауардың құнын төлеу уақытын белгілеуге рұқсат. Және екі жас үйленер кезде келісілген неке сыйын беруді кейінге қалдырған жағдайда, оның уақытын да белгілеуге болады т.б.


Жоғарыдағы қос тұжырымға қосымша, Мәлики мәзхабындағы үкімді де айтпай кетуге болмас. Мәлики мәзхабында, қарызды қайтару уақытын белгілеуге рұқсат. Уақыт белгіленгеннен соң, келісілген уақыттан бұрын қарыз беруші қарызды талап ете алмайды. Қарыздар адам да уақыты келмей алған қарызын төлемеуге құқылы[3].


islam.kz


 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.12.2017, 18:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31