Ислам діні

«Бисмилләсіз» сойылған мал етін жеуге қай кезде рұқсат?

  • «Бисмилләсіз» сойылған мал етін жеуге қай кезде рұқсат?

    «Бисмилләсіз» сойылған мал етін жеуге қай кезде рұқсат?

Ассалаумағалейкум! Айша анамыздың (р.а) пайғамбарымызға «Уа, Алланың елшісі! Бір адамдар үйге ет алып келеді, бисмилләні айтты ма, жоқ па, білмейміз» дегенде: «Сендер айтыңдар да жей беріңдер» деген хадисін түсіндіріп бересіз бе?

Уағалейкумассалам!


Сіз сұрап отырған хадистің толық нұсқасы былайша баяндалады. Айша анамыз (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с) бір топ адам келіп: «Уа, Алланың елшісі! Кейбір адамдар[1] үйімізге ет алып келеді, мал бауыздар уақытта бисмилләні айтты ма, жоқ па білмейміз», – деген еді. Пайғамбарымыз: «Сендер бисмилләні айтыңдар да жей беріңдер», – деді.[2]

Осы хадиске сүйене отырып, Ислам ғұламалары «Бисмилләні айтып, жей беруге рұқсат етілетін жағдайлар» деп мыналарды көрсеткен:

1. Мал бауыздар уақытта «бисмиллә» сөзі айтылған болса (күмән жоқ).

2. Ұмытып не білместікпен айтылмай қалса немесе бисмиллә айтылмай қалды ма деп күмәнданса (Мұсылманнның бауыздаған малы адал)

3. Әһли кітаптың (христиан не яхуди) бауыздаған малы.+


Еттің желінуіне тыйым салынған жағдайлар:

1. Алланың атына емес, өзге нәрсеге атап сойылған мал. (Анық болуы шарт, көзбен көру секілді. Сырттан тон пішу жарамайды)

2. Әдейі бисмиллә сөзін айтпаса.

3. Бауыздалмай арам өлген мал.

4. Әһли кітаптан тыс дін өкілдерінің сойған малдары

Ескерту! Базар сөрелеріндегі еттен барынша сақтанған жөн. Себебі, ол жерге адалы да, арамы да келіп жатады. Ал, сенімді орын болса оның жөні бөлек.

Ғазиз Ахмет.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы


[1] Өзге риуаяттарда бұл адамдардың бәдәуилер екендігі айтылған.

[2] Бухари, Сахих, Әтғима, 5061. Муслим, Сахих, Әшрибә, 2022. Тирмизи, Сунән, Әтғима, 1857. Әбу Дәуд, Сунән, Әтғима, 3777. Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәд, 4/26. 




Көрілген: 1170    Пікірлер: 0

жұма, 02.03.2018, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30