Ислам діні

Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

  • Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

    Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

Ассалаумағалейкум! Менің құрбандыққа қатысты сұрағым бар еді. Құрбандықты әр адам өз атынан шалу керек екенін білемін. Ал, отбасының барлық мүшелері атынан деп бір ғана адам құрбандық шала алады ма? Тұрмыс құрмаған отбасы мүшелерінің атынан әкесі шала алады ма? Осы сұраққа жауап берсеңіздер. Айнұр.




Жауап

Уағалейкумуссалам!

Айнұр, Ханафи мәзһабы бойынша төмендегі талаптарға сай келетін әр адамға құрбандық шалу уәжіп:


Мұсылман болуы керек

Тұрғылықты (жолаушы болмау)

Ақыл-есі дұрыс

Балиғатқа толған

Бақуатты[1]. (Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу).

Бұл дегеніміз, бір отбасыдағы кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс және де өзінің жеке байлығы бар ұл-қыздары мен өзінің жеке байлығы бар зайыбы да өз алдына бір қой құрбандық шалуы тиіс. Әкесінің шалған құрбандығы оларға жүрмейді.


Бірақ, өз дүниелері болмаса, отағасының шалған құрбанының сауабы оларға да жазылады. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) шалған құрбанының сауабын үмметімен де бөлісетіндігі риуаят етіледі. Сахаба Жәбір ибн Абдулла (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымызбен бірге құрбан айт намазын оқыдым. Ол (с.ғ.с) намаздан шығып, бір қошқар алып келді. Оны құрбандыққа шалып жатып: «Бисмилләһи Аллаһу әкбәр. Уа Раббым! Бұл (құрбандық) менің және үмбетімнің ішінен құрбандық шала алмағандар атынан», – деді»[2].


 




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.08.2018, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31