Ислам діні

Бұл дүниеден имансыз өтетін адамның 11 белгісі

  • Бұл дүниеден имансыз өтетін адамның 11 белгісі

    Бұл дүниеден имансыз өтетін адамның 11 белгісі

Бес уақыт намазды сақтау — тақуалықтың белгісі.


Ақиқатында, біздің сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай айтқан: «Бағаны мен тағайындамаймын, өйткені Алла Тағала Өзі бағаларды тағайындаушы болып табылады».


Асылында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай айтқан: «Қымбатшылық пен арзаншылық Алла Тағаланың екі көмекшісі болып табылады. Бір көмекшісінің аты — талпыну, ал екіншісінің аты - үрей. Егер Алла Тағала бір заттың бағасын кеміткісі келсе, Ол адамдардың жүрегіне үрей ұялатады да, үрейлерін олардың қолдарынан шығарады, осылайша зат арзандайды. Егер Алла Тағала бір заттың бағасын қымбаттатқысы келсе, Ол адамдардың жүрегіне талпынуды салып қояды, сонда олар сол заттың өздерінде болуын қалайды».


Бану Исраилдың бір құлы бір аласа таудың қасынан өтіп бара жатып, былай дейді: «Егер осы тау ұн болғанда, мен Бану Исраилдың аштарын тамақтандыратын едім».


Алла Тағала пайғамбарға айтады: «Әлгі құлға айт, расында, оның адал ниетіне, қайырымдылығы мен жұмсақ көңілділігі үшін оған Алла сауап нәсіп етті». Мұсылман өзінің мұсылман бауырларына мейірімділік пен қайырымдылық танытуы қажет.


Бір адамның Абдулла бин Аббасқа (р.а.) келіп, былай айтқаны келтірілген: «Маған насихат айт». Абдулла бин Аббас (р.а.) оған: «Мен саған алты нәрсені айтамын. Біріншісі — нақты бол. Екіншісі — парыздарды уақытында орында. Үшіншісі — Алла Тағаланы үнсіз есіңе ал. Төртіншісі — шайтанға ерме, өйткені шайтан Алла Тағаланың жаратқандарын көре алмайды. Бесіншісі — бұл дүние байлығын жима, өйткені баянсыз дүние байлығы сенің ақиретіңді құртады. Алтыншысы — мұсылмандарға үнемі игілік тіле».


Факих (р.а.) былай айтқан: «Мұсылман келесі бір мұсылманға қатысты ақылшы, сондай-ақ, жұмсақ әрі қайырымды болуы керек, өйткені бұл қасиеттер тақуалықтың белгілері болып табылады». Былай айтылған: «Расында, тақуалықтың он бір белгісі бар:


1. Бұл дүниедегі діндарлық әрі ақиретке деген талпыну.


2. Аллаға құлшылық әрі Құран оқу.


3. Аз сөзділік.


4. Бес уақыт намаздың сақталуы.


5. Кіші және үлкен харамнан сақтану.


6. Әулиелердің қоғамдастығына қатысу.


7. Тәкаппарлықтың орнына бойұсынғыштық.


8. Жомарттық пен қайырымдылық.


9. Алла Тағаланың жаратқандарына жұмсақтық таныту.


10. Адамдарға пайдалы болу.


11. Өлімді жиі еске алу.


Бұл дүниеден имансыз өтетін бақытсыздардың да белгілері он бір:


1. Бұл дүние байлығын жинаудағы дүниеқоңыздық.


2. Нәпсі тілектеріне еріп әрі бұл дүние рахатына бой алдыру.


3. Азғын сөздерді айту әрі сөзуарлық.


4. Намазды бағаламау.


5. Тыйым салған әрі күмәнді тағамды пайдалану.


6. Жаман мінез-құлық.


7. Қулық, тәкаппарлық және мақтаншақтық.


8. Адамдарға пайда келтірмеу.


9. Мұсылмандарға қатысты аз мейірімділік таныту.


10. Сараңдық.


11. Өлімді ұмыту, яғни, егер адам өлімді есінен шығармаса, ол азық-түлік сатуды кешіктірмей әрі мұсылмандарға мейірімді болады».


islam.kz




Көрілген: 1735    Пікірлер: 0

сенбі, 10.02.2018, 19:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31