Ислам діні

Бұл жерден су ішу неге харам?!

  • http://kostanaytany.kz

    http://kostanaytany.kz

Бағзы бір заманда Бурса қаласында бір мұсылман бүгін Арап Шукри деп аталатын жерде құдық қазады. Құдық басына: “Барлық Алланың құлына ішуге болады, бірақ мұсылмандарға харам”, – деп жаздырыпты.


Ол кезде Бурса қаласы Османлының астанасы. Жергілікті халық бұл жазуды фитна ретінде бағалап мұсылмандар у-шу болып, қазыға барып шағыныпты. Әлгі құдық қазған мұсылманды сол сәтте қол аяғын байлап қазының алдына алып келеді. Қазы да оған: “Бұл не қылғаның? Өзің қайыр деп, Алла жолына деп құдық қазасың, оны тағы да мұсылмандарға харам дейсің… Мұсылмандардың астанасында бұл не қылғаның? Есің дұрыс па? Не үшін бұлай жаздың”, – деп сұрайды.


Мұсылман: “Рұқсат болса, түсіндірейін, мұның себебі бар, бірақ бұған дәлел шарт”, – дегенде қазы ашуланып, бұған қандай дәлел керек деп айқайлайды. Ешқандай шарт, дәлел керек емес, сен халық арасында бүлік шығардың, үкім өлім деп айтса да, ішінен осының дәлелін білгісі келіпті. Сонымен себебін сұраса, әлгі құдық қазған адам, себебін тек қана патшаға айтамын дейді. Халық тағы толқып, дау үдеп кетіпті. Бұл оқиғадан патша да хабардар болады. Ол да ашуланады, бірақ себебін адамның аузынан естігісі келіп, алдына шақыртыпты. Патша: “Сен не былықтырып жүрсің, өзің құдық қазасың, барлық құлға адал да тек мұсылмандарға харам”, – депсің… Құдық иесі патша алдында басын иіп тұрып – Сұлтаным, менің дәлелім бар, бірақ оған шартым бар, – дейді. Патша: “Егер дәлелің орынсыз болып, бекем болмаса ше?”… Онда үкім сіздікі, басымды алыңыз”, – депті.


«Ал онда айт шартыңды», – дейді. – “Сұлтаным, кез келген синогогаға барып, оның хахамын, ескертусіз, жазықсыздан жазықсыз тұтқындап, абақтыға бір апта жабыңыз! Яһудилер не істер екен қарап көріңіз”. Патша да солай істейді. Яһуидилер жиналып, өзара бұл біздің ең сенімді де беделді адамымыз еді. Бұл зұлымдық, оған кепіл боламыз, не сұрасаң береміз, ол пәк, ол ақ, қаласаңыз құн төлейік деп, үсті-үстіне патшаға хат жазып, көрші елдердің патшаларынан елшілер келтіртіп, өтініш хат жаздыртып, алып барады. Патшаның бір апта мазасын алады. Бір апта толғасын, құдық қазған адам патшаға келіп, енді хахамды босатуға болады дейді. Хахамдарын босатып алып, яһудилер патшаны мадақтап, алғысын жаудырып, сыйлықтармен көміп тастайды.


Құдықтың егесі, патшаға келіп, енді осы істі христиан дін адамы попқа жасаңыз дейді. Сонымен шіркеуден попты себепсізден себепсіз аяқ қолын матап, алып келіп бір аптаға абақтыға жабады. Христиандар да шулап, лидерлерін жоқтап, базарда у-шу шығарып, төңкеріс жасапты. Бір аптадан соң босап шыққан лидерлеріне жабысып, діндестер жылап көрісіпті. Артынша патшаға алғыс, сыйлық атапты.


Содан патша адамды шақырып алып, енді бітті ме? – деп сұрапты. Ол да жоқ, енді бір іс қалды, содан кейін басымды алыңыз”, – дейді. Осы жасағандарыңызды, астанамыз Бурсадағы ең атақты дін ғұламасына істеп көріңіз депті. Патша да Бурсадағы “Ұлы жамиидегі” атақты имамды жұмада құтпа оқып тұрған жерінен ұстап, байлап матап алып кетеді. Мешіттегі бір мұсылман шығып, неге мұны істеп жатырсыңдар, ол не жазды, ең болмаса, жұма құтпасын бітірсін де деп айта алмайды. Имам байғұстың іздеп артынан барып мән жайын білген бір де бір мұсылман жоқ. Бір апта өткенде, имамның хәлін сұрайтын жан адам жоқ. Халық дым болмағандай қойын құрттап, малын бағып, базарын базарлап мәз. Қайта олар имам туралы өсек таратып үлгеріпті. Негізі сорлымыз, сол имамды да адам деп, ұстаз көріп, адасыппыз, оның не сұмдық істегенін кім біледі? Оның артында тұрып оқыған намазымыз да харам болды… Патша тектен текке оны тұтқындамайды деп өсекті көпіртіпті.


Патша, қазы және құдық иесі үшеуі осы болып жатқандарды қарап таразылап отырыпты. Патша адамға енді не болады? Ол да бір апта өтті енді шығарыңыз зынданнан, бірақ ел алдында одан кешірім сұраңыз депті. Патша да, дұрыс айтасың, оны жазықсыздан жазықсыз қамап ұстадық деп келісіпті.


Сонымен патша енді бітті ме шартың? – деп әлгі адамға қарапты. Ол да: иә, сұлтаным… Енді осыларға қарап өзіңіз үкім бере беріңіз, осындай мұсылмандарға су харам болмай не болады? – дегенде, патша да ащы шындыққа ішінен бір күліп, бір түтігіп: “Мұндай мұсылмандарға, су түгіл ауаның өзі харам”, – депті.


P.S. Бұл осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы бір аймақтың ішіндегі адамдардың ішкі күйлері. Адамдар әрдайым әділдікті сүйетін, жанындағы бауырына жанашыр, қоғамның тыныштығын шынайы қалайтын болуы қажет. Ал қазір біздер ше? Заманымыздың имамын қолдай аламыз ба? Бауырмашылдық шынайылығымызбен ұштасып жатыр ма? Әлде, жамандаудан аса алмаудамыз ба?! Барлығымызға бір сәт тоқтап, ойлану керек секілді…


al-azim.kz/ 




Көрілген: 1623    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30