Ислам діні

Бұл қалай жұмыс істейді?

  • Бұл қалай жұмыс істейді?

    Бұл қалай жұмыс істейді?

«Дін деген не? Дін жағымды әсер бере ме әлде керісінше ме? Егер жақсы болса, неге діни терроризм бар? Егер жаман болса, адамдар неге дінге қарай жақындауға тырысады? »- Бүгінгі күні осындай көптеген сұрақтар қоғамның дамуы мен қауіпсіздігіне қызығушылық танытатын халықтың сегменттері болып табылады.

Соңғы онжылдықта бұл тақырыптың өзектілігі өршіп келеді. Осыған байланысты халықтың діни сауаттылығын арттыру өте маңызды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы және 2018-2022 жылға Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы жайлы жаңалықтардан естиміз, БАҚ – нан оқимыз. Бірақ қарапайым өмірде бұл заңнама қалай жұмыс істейді? Қандай нәтижелері бар? Деген сұрақтар халыққа маңыздырақ болып тұр. Бұл сұрақтарға Ішкі саясат басқармасының ШЖҚ КМК «Мониторинг және талдау» орталығы жауап бере алады. Аталмыш орталық Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша, халықтың арасында бірқатар арнайы іс-шараларды өткізеді. Ол іс-шаралардың негізі - діни экстремизм мен терроризмді алдын алу.

Биылғы жоспарланған 600 іс-шарадан 150-і дәрістер, 64 семинар, 320 кездесу, 16 дөңгелек үстел, ақпараттық-түсіндіру тобымен 40 мың адамның қатысуымен 353 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың қамтитын аудиторияға: мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ұжымдары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар, жастар, колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметкерлер, курсанттар, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар және т.б. Қорытылай келгенде аудиторияны қамтудың жалпы көлемі кемінде 100 мың адамды құрайды деп болжануда;

Бұл мәселенің өзектілігін ескере отырып, ақпараттық талдау тобының мүшесіне діни ғалымдар, теологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар арасынан жоғары білікті мамандарын тарта отырып жұмыс істеуде. Өз ісінің шеберлері ретінде, олар өз құзыретіне сәйкес жоғарыда аталған тақырыптың маңызды аспектісіне сүйенеді. Бұл тақырып жоғары деңгейде талқылануына байланысты, мұндай іс-шаралардың осындай деңгейде өтуі өте маңызды. Өтіп жатқан іс-шаралардың басты принципі халықты ескерту. Сонымен қатар әлі оң-солын ажырата алмайтын мектеп оқушыларымен жұмыс істеу өте маңызды екенін айта кеткен жөн. Осы жағдайды ескере отыра «Мониторинг және талдау» орталығының Алматы қаласының Дін істері басқармасының тағы бір тапсырмасы бойынша атқарып жатқан жобасы сол оқушылармен күнделікті жұмыс жасап жүрген мектеп оқытушыларының дінтанулық білімін арттыруға арналған «Зайырлық және дінтану негіздері» атты 72 сағаттық курсын өткізуде. Биылғы жылдың 16 сәуірі мен 18 мамыр аралығында Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне Алматы қаласының білім басқармасының базасында біліктілікті арттыру және мамандар дайындайтын институтында 3 топ (48 адам) оқытылды. 17 қыркүйек пен 10 тамыз аралығында тағы 2 топ (30) адам оқытылады. Осындай іс-шаралар халықтың радикалдануын азайтып, балалардың өмірде ақ-қараны ажыратуға көмектесетініне сенеміз.

Жоғарыда айтылған мәселелерді қорытындылай келе айтылған іс-шаралардың саясаты бізге біріншіден толеранттылыққа, ұлттық біліктілікке, сыни ойлауға шақырады. Осы құндылықтарды ескере отырып, қоғам тыныш өмірді, жастарға тұрақты болашақты таңдайды. Бұл жағдай алға қойған мақсаттардың нәтижесін көрсетеді.


 


Нұрболат Айекешов

 




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31