Ислам діні

Бұл сөзді жұбайыңа ойнап болса да айтпа

  • © ihsan.kz

    © ihsan.kz

Кейде талақ етуді ниеттеніп емес, жай ғана талақ ету сөздерін пайдаланып әзілдеп айтуы мүмкін.


Мысалы, бір ер әйеліне әзілдеп немесе мазақтап, «мен сені талақ еттім» десе, не болмаса әйелі оған әзілдеп «мені талақ етсейші» десе оған күйеуі де ойнап «иә, талақ еттім» дейтін болса, Әбу Ханифа мен Имам Шафиғи бойынша, талақ іске асып, екеуі сол сәтте ажырасып кетеді. Өйткені әзілдеп айтса да талақ ету сөзін біле тұра айтып тұр[1].


Бұған мына: «Алланың аяттарымен ойнамаңдар»[2] – аяты дәлел. Имам Мұхаммед бізге Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Үш нәрсенің қалжыңы да, расы да жүзеге асады (яғни шындыққа есептеледі): талақ, азат ету және неке», – дегені жеткен[3] дейді.


Абдулла ибн Масғуд (р.а.) жеткізген риуаятта пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, талақ етудің ойыны мен шындығы бірдей болғанындай неке қиюдың да қалжыңы мен расы пара-пар (есептеледі)», - дейді.


Әл-Хасан риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім ойнап, не қалжыңдап талақ қылса немесе ойнап неке қиса, ол оған рұқсат етіледі (яғни жүзеге асады)», - дейді.


Ибн Масғуд (р.а.): «Кімде-кім ойнап талақ қылса, неке қиса немесе (құлды) азат етсе, ол оған рұқсат етіледі (ол шынайы жүзеге асқаны)», - деп айтқан.[4] Ата: «Кім ойнап неке қиса немесе талақ қылса, ол есептеледі (шынайы жүзеге асады)» және «талақ пен некеде қалжың жоқ (жүрмейді)», - деген.[5]


Әбу Дарда (р.а.): «Үш нәрседе: некеде, талақта және құл азат етуде қалжыңдаушы рас айтушы (есептеледі)», - деп айтқан.[6]


Сондықтан, ойнап болса да "ажырасам" деген сөзді айтпауымыз керек екен.


ihsan.kz


 




Көрілген: 2408    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.12.2017, 13:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31